ШЫМКЕНТТЕ БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТІП ЖАТЫР
Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен, Қазақстан Республикасы Журналистер Одағы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында спартакиада басталды. 28 маусым — БАҚ қызметкерлері күні мерекесіне орай ұйымдастырылған дәстүрлі жарыста журналистер спорттың 4 түрі, атап айтқанда, шығын футбол, волейбол, үстел теннисі және бильярдтан бақ сынайды. Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде...