Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарСпорт

ШЫМКЕНТТЕ БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТІП ЖАТЫР

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен,
Қазақстан Республикасы Журналистер Одағы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында спартакиада басталды. 28 маусым — БАҚ қызметкерлері күні мерекесіне орай ұйымдастырылған дәстүрлі жарыста журналистер спорттың 4 түрі, атап айтқанда, шығын футбол, волейбол, үстел теннисі және бильярдтан бақ сынайды.
Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде ҚР Журналистер Одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Уәли Қыдыр мен қалалық «Шымкент келбеті» — «Панорама Шымкента» газеттерінің Бас редакторы Бақтияр Тайжан сөз сөйлеп, әріптестерін төл мерекесімен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Тартысты доданың бірінші күнінде волейболдан 7 команда қатысып, І орынды «Ернұр-пресс» командасы алды.«Түркістан» командасы ІІ орын, «Түркістан TV» командасы ІІІ орынға ие болды. Ал үстел теннисінің қорытындысы бойынша қыздар арасында
І орын «Оңтүстік» телеарнасына бұйырды «Oninfo» ақпаратық порталы ІІ орын, «Қызмет» газеті ІІІ орынға шықты. Ерлер арасында үстел теннисінен І орында «Түркістан» командасы қанжығылады. «Ернұр пресс» пен «Түркістан TV» командалары екінші, үшінші орыннан көрінді. Спартакиаданың бірінші күнінде журналистер арасында спорттық бәскелер қызықты әрі тартысты өтті.
Айта кетейік, спартакиадаға Шымкент қаласындағы барлық бұқаралық ақпарат құралдарының командалары қатысып жатыр.
«Шымкент келбеті»
Please follow and like us: