Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарЗаң және қоғам

Келестік полицейлер «Бала және бағдаршам» атты сурет байқауын өткізді

Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Қазақстан Полициясы күні» мерекесі қарсаңында, бастауыш сынып оқушылары арасында «Бала және бағдаршам» және «Менің қаламдағы кауіпсіз жол қозғалысы» атты тақырыпта сурет байқауын өткізді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың шығармашылығын арттырып, құқықтық сауаттылығын арттыру. Заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру. Полиция қызметкерлерінің ерліктерін насихаттай отырып, патриоттық ұрпақты тәрбиелеу болып табылды.
Шара соңында балалар қолынан шыққан суреттерге баға беріліп, жеңімпаз оқушылар мен оның ата-аналарына «Алғыс хат» табысталып, сый-сияпаттар ұсынылды.

Please follow and like us: