Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарЗаң және қоғам

Келес ауданында нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай ауқымды іс-шара өтті

Келес АПБ криминалды полиция бөлімшесінің қызметкерлері және Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен мәдениет үйінде 26 маусым –«Халықаралық есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы күрес күніне» орай ауқымды іс-шара өтті.
Шара барысында жыл көлемінде есірткі мәселесін көтеріп, жиналған жастарға әр саладағы мамандармен есірткінің кері жақтары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Белсенділік танытқан жастар өздерінің нашақорлық мәселесіне байланысты теріс көзқарастарын білдіре алды.
Сонымен қатар, іс-шара соңында аудандағы спорт шеберлерінің қатысумен түрлі сайыста спорттық жарыстар өткізіліп, арнайы киімдер тарту етілді.

Please follow and like us: