Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарЖурналистік ЗерттеуҚоғамМәселе

НҰР СҰҢҚАРҒА ҚАТЫСУ ҮШІН ПАРТИЯНЫ «ЖАРНАМАЛАУ» КЕРЕК ПЕ? ОЙСАЛАР.

Жылдағы үрдіске айналған кәсіби мереке қарсаңында Нұр Отанның арнайы Нұр Сұңқар жүлдесі үшін жоспарға айналған жүлдесі талас пен тартысқа түсетіні белгілі. Бірақ, осы Нұр Сұңқар жүлдесін неге мемлекеттік тапсырыспен отырған арналар мен тек Астананың айналасынан шықпайтын басылымдар ғана қатысады? Олай дейтініміз аттары дардай телеарналар мен газеттердің тілшілерінен «ауыспайтыны» жаттанды құбылысқа айналып кеткендей ме?

Дипломмен ауылға, ауылдың жағдайы дейміз бірақ, сол шалғайда орналасқан аудандық басылымдар мен облыстан марапаттан құр қалатыны өкінішті? Әлде, алпауыттардан аспайтын марапатты атойлатып ұйымдастырғанша неге өзара бөліп бере салмайды? Неге шалғайда орналасқан баслымыдарды қатыстырып ынталандырмайды?

2017 жылы Байқау қорытындысы бойынша «Елбасы бастамаларын халыққа түсіндіруге қосқан үлесі үшін» аталымын «РТРК Қазақстан» АҚ арнайы тілшісі Дулат Нуркин иеленді. «Партия қызметі туралы ең үздік материал үшін» аталымы Қарағанды облысындағы «Литер» газетінің тілшісі Айнұр Балакешоваға бұйырды.  «Ерекше пікір» аталымында «Астана» телеарнасы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар директоры Анар Каринтаева үздік телевизиялық журналист атанды. «Халық дауысы» аталымы  «Хабар24» телеарнасының директоры Арман Сейітмамыттың қанжығасына байланды. «Сөз шебері» аталымында «Егемен Қазақстан» газеті мәдениет және руханият бөлімінің меңгерушісі Талғат Батырхан үздік журналист болды. «Аймақ айнасы» аталымын «Казахстанская правда» газетінің Қостанай облысындағы тілшісі  Евгений Ермаков пен «Семей таңы» газетінің басшысы Рыиза Молдашева өзара бөлісті.

«Ең үздік талдау бағдарламасы» аталымы «Хабар» теларнасы кешкі жаңалықтар қызметінің бас редакторы, «Негізінде» бағдарламасының жүргізушісі Руслан Оспанға табыс етілді.  «Медиа профи» аталымын «Qamshy Media» ЖШС директоры Нұрғали Нұртай мен baq.kz сайтының редакторы Ержан Жаубай бөлісіп, олар интернет басылымның үздік журналистері атанса,

2019 жылы ардагер журналист Нұртілеу ағамыз бастаған топпен бірге Жеңімпаздар 10 аталым бойынша марапатқа ие болды. Олардың қатарында біздің әріптестеріміз де бар. «Хабар» телеарнасының екі бірдей тілшісі Сәкен Сейітхан мен Назымгүл Күміспаева «Жас серпіліс» номинациясында үздік деп танылды. Ал «Хабар 24» телернасының журналисі Жұрағат Баман «Точка зрения» аталымында топ жарды.

2020жылы сайыстың «Біз біргеміз» аталымында «Хабар» телеарнасының продюсері Әсел Тұрсынғазина жеңімпаз деп танылды. Ал «Телевизия үздігі» номинациясын Қазақстан ұлттық арнасының журналисі Саламат Омаш жеңіп алды. «Ұшқыр қалам» аталымында «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Айгүл Халықова көп ішінен дара шықты. Ал «Үнжария» аталымы бойынша «НС» радиосының жүргізушісі Ләззат Әбдіреева үздік деп танылды.
Архивты ақтарып қарасаңыз тек Қазақстан, 31 арна, Астана,Егеменді Қазақстан,Хабар  сынды бірді екілі газеттер мен тек экранда көрініп танылғандар мен партия жұмысына тоқталғандар ғана марапатталып келіпті. Сонда, Нұр Сұңқарға қатысу үшін партияны жарнамалап партияға көрінсең болды екен ау деген ойға келдім. (тізімге ілінбей қалған жандар ренжімеңіздер)

Енді партия туралы жазсам Нұр Сұңқарға қатысады деп ойламаңыздар.

Анаркул Амангелдіқызы.

Please follow and like us: