Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарҚоғам

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ БІР СӘТКЕ ДЕ БӘСЕҢДЕМЕУІ ТИІС

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Мақтаарал ауданына барды. Сапар барысында облыс әкімі алдымен Жаңажол ауыл округіне қарасты су тасқынынан зардап шеккен Өргебас елдімекенін қалпына келтіру жұмыстарымен танысты.


Бүгінгі таңда мұнда 209 үйдің 184-інің иелерімен келісімшарт түзіліп, 184 отбасына 8,5 млн теңге қаржы аударылған. Жалпы бүгінгі таңда бұзылған үй саны 145-ке жетіп отыр. Аталған 145 үйдің аумағы тазартылып, іргетасын құю жұмыстарына дайындалған. Ал 122 үй іргетасы құйылып, 31 баспананың қабырғалары қалануда.

Please follow and like us: