Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарКөкейтестіҚоғамМәселе

ПИАРЛАТУДЫҢ ШЫҢЫНА ШЫҚТЫҚ АУ?

Қоғамда сұранысқа ие болып тұрған» мамандық» десе те болатын SMM-шілердің дәурені жүріп, блогерлердің танымалдыққа ие болған кезіне келдік. Қандай іс болмасын, қай билік болмасын әлемжелідегі танымалдыққа ие болғандар тізімін жасақтап, өздеріне «бұра» қаратып та алғандары жетерлік..

 

Биліктегі ағашкалар әбден дағдыланып алғандай, журналистер тарапынан сынға ұшыраса өздерінің «достары» саналған блогерлерді «асарға» шқырып ал кеп «жұмысы мықты, пәлен әкімдей жұмыс жасаңдар, бір пендешілігі жұмысын жоққа шығармас, мықты кадр» дегендей АРАШАЛАР пайда болады. Сәл бұрынырақта фейк ұйымдастырып, сәл пәл ұялып, қымсынатын болса бүгінде биліктегі «пәлсапалар» шалқайып отыратыны жасырын емес.  Журналистердің сынына шыдас бермеген басшылар әрине фейк ұстап, блогерлердің көмегіне жүгінетіні жазылмайтын дертке айналып бара жатқандай… Қәзіргі қоғамдағы ковид індетінен де қауіпті ол «жұлдыз» болып ауру. Жұлдыз болғандардың жазылуы қиын. Оған аспирин де, парасетомол да көмектеспейтіндей танымалдықтан түсу қауіпті дертке айналып бара жатқаны ащы шындық. Барлық блогерлерге топырақ шашып, күйе жағудан аулақпын. Дегенмен, қоғамға пайдасы тиіп, өз білгендері мен шын мәнінде ащы даусын жеткізіп жатқандар жетерлік…Бірақ, менің ой қозғаған, пікір білдірген бір ақ жәйт-ПИАРЛАТАМ деп жүріп бәрін бүлдіріп жүрген жоқпыз ба? Жарнаманың да шегі мен соңы болатынын естен шығармайық.

А.Сулеева

Please follow and like us: