Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарҚоғамМәселе

ЖҰМАХАНБЕТОВ ҚАЛАДА ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗДІ?

Шымкент қаласы ПБ басшысы генерал Ералы Жұмаханбетов басшы болып келгелі нендей өзгерістер енгізіп, жұмыстарын қалай жүйеге қойды?

Әлеуметтік желісі арқылы тұрғындар алдында есеп берген Ералы Мұсаәліұлына қойылған сұрақтар мен берілген жауаптарға тоқталсақ.

Maxim Seitenov Во всех школах задействованы 147 инспекторов ИДН, на 48 перекрестках в 3 смены дежурят сотрудники Полка патрульной полиции, Родители не переживают за своих детей! Большое спасибо за Службу на благо населения города!

Жанболат Мэлсұлы Қаланың қақ ортасында кезбелер (бомждар) өріп жүреді. Кейбіреулері үсті басы лас, шайтае суға тойып алып, қаланың қақ ортасында сасып ұйықтап жатады. Осыларға полиция тарапынан неге шара көрілмейді.Шымкент мәдени Астана емес пе?

Управление Здравоохранения Города Шымкент Төтенше жағдай кезінде полицей мен медицина мамандары халықтың саулығы үшін бірігіп жұмыс атқарды. Ішкі істер және денсаулық сақтау саласының атқарған жұмысы орасан зор. Медицина мамандары атынан полицейлерге АЛҒЫСЫМЫЗДЫ БІЛДІРЕМІЗ!!!

Анара Сулеева қалада орналасқан белгілер туралы тоқталсаңыз. Орналасқан белгілердің басым бөлігі заңсыз орналасқан,яғни, стандартқа сай орналаспаған…..негізі қалай орналастыру керек? арнайы бағаналарға емес қойылған белгі көп….

Qanat Telğozı Тәуке Ханмен келе жатқанда Дулатимен Қазыбекби арасындағы кептеліс жыл он екі ай болады соны шешіп берсеңіздер…

Арманжан Бауыржанулы Саламатсызба Ералы Мұсалыұлы! Пандемия кезінде көп жұмыстарды атқарғаныңызды білеміз! Рахмет Сізге! Сонымен бірге мен Еңбекші ауданының полиция басқармасының жедел уәкілі Оңалбеков Құттыбекке алғысымды айтқым келеді! Ауданда орын алған қылмысты дер кезінде ізін суытпай ашып, өзінің кәсіби шеберлігін көрсетті! Маған заңда көзделген құқықтарымды да түсіндіріп көмек берді! Осындай қызметкерлер көп болса деген тілектемін!

Улпан Нурланкызы Полиция қызметкерлері күдікті ретінде анықталған азаматты қанша сағатқа ұстауға құқығы бар.

Жанболат Мэлсұлы Час пик уактысында жол полицейлері багдаршам жанып турса жол қозғалысын қолмен реттейді. Осыдан керісінше кептеліс туындайды. Сол жол қозғалысын багдаршам жанып турганда қолмен реттеу қаншалықты қажет?

Шыңғысхан Көлтай Шымкент қаласының Полиция қызметкерлеріне мың алғыс. Халықпен ашық қарым-қатынасқа түсіп, тығыз байланыста болғаны үшін!!»

Анара Сулеева 16:47 Сонымен қатар өз атымнан Қаратау аудандық ПД жедел іздестіру қызметкерлеріне алғыс айтқым келеді. Атап айтсам Мәлік, Нұржан, Бекжан (фамилясы есімде жоқ) есімді азаматтарға алғыс жарияласаңыз. Оған нақты себеп үйіме түскен ұрыны жедел ұстап, тиісті шараларды көріп ұрланған заттар кері қайтарылыды. (толық болмаса да ең керекті зат қайтарылды) Кәмелетке толмаған ұлымды қорқытып,алдап кірген ұры бүгінде өз жазасын алып абақтыда отыр. Осындай қызметкерлерді ширатып, қызметке деген адалдықтан айнымауды басты қағида еткен қызметкерлер мен Қаратау аудандық ПД басшысына да алғыс.

Қойылған барлық сұрақтарға жауап берілді. Тікелей эфир кезінде енгізілген өзгерістер мен қолға алынған бастамаларға тоқталайын:

  1. Еліміз бойынша алғаш рет Шымкент қаласындағы барлық 147 мектептің алдында ювиналды полиция қызметкері үш ауысымды кезекшілікке тұрды. Нәтижесінде, жасөспірімдердің қатысуымен бірде бір жол көлік оқиғасы орын алған жоқ. Бастаманың оң нәтижесін ҚР Ішкі істер министрі, полиция генерал-майоры Ерлан Тұрғымбаев жоғары бағалап, Қазақстанның барлық өңірлеріне осы жобаны енгізуді бұйырды.
  2. Жергілікті тұрғындармен кері байланысты күшейту мақсатында «жедел әрекет жасау» уатсап желісінде чат құрылды. Онда БАҚ өкілдері, блогерлер мен қоғам белсенділері қала аумағында орын алған келеңсіздіктерді фото не бейнежазбаға түсіріп, чатқа жібереді. Осы жолдаған ақпараттың негізінде полиция департаментінің қызметкерлері орын алған жайттарды дер кезінде тексеріп, заңды шешім қабылдауда.
  3. Елімізде бірінші болып, апта сайын өтетін жеке қабылдау кездесуі фейсбук әлеуметтік желімінде тұрақты түрде онлайн режимінде өтіп келеді. Бұл полиция департаментінің ашық әрі жариялы түрде қызмет атқарып, халыққа етене жақындай түсіп, қызметтегі мөлдірлікті қамтамасыз етті.
  4. Шымкент қаласы №4 балалар үйінің 100-ге жуық тәрбиеленушілерін қамқорлыққа алып, түрлі спорттық секцияларды ашып берді. Нәтижесінде балалардың мәдени-ағартушылық, сорттық бағыттағы ой-өрісінің дамуына әсер етіп, түрлі салада жетістікке жетуіне себепші болуда.
  5. Т.Рысқұлов пен М.Х.Дулати көшесінің қиылысында, Бәйдібек би бағытына қарай жүретін таксилердің заңсыз тоқтауын, сол аумақтағы көлік кептелісін түбегейлі жою мақсатында таксилерге арнайы жолағын салды. Нәтижесінде, такси жүргізушілері жолаушылардың өміріне ешқандай қауіп төндірмейтін болды.
  6. Қала аумағындағы 48 көше қиылыстарында үш ауысымды полиция қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылды. Нәтижесінде, қала ішілік жолдарында көлік кептелісінің орын алуын болдырмады.

Сулеева Анаркул.

Please follow and like us: