Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарҚоғамҚоғаммен тікелей эфирМәселе

КӘСІПКЕРЛЕРДІ КІМ ҚОРҒАЙДЫ?

Түркістан облысы Антимонополия НАЗАРЫНА!
ТҮркістан облысы прокуроры Алиханов Марат Тілеуқабылұлы!
Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директоры Нахыпбеков Тимур Арсенұлы!
Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевке!

КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚАШАНҒЫ ҚАНАЙДЫ?
Кәсіпкерлерге қолдау олай көрсетіп жатыр,былай көрсетіп жатыр деген жарнамалардан сүрінетін болдық. Бірақ, шын мәнінде шағын кәсіпкерлерге қандай қолдау көрсетілді? Нақты айта аласыздар ма? Жоқ. Аз-маз қолдау бар шығар? «для галочки отчета»..
«ОңтүстікЖарықТранзит», «ЭнергоПаток», «ОңтүстікЖарық» ұйымдарының жұмыстарын жүйелі түрде тексеру жүргізуді сұраймын.
Себебі: Қандай кәсіпкер болмасын жұмысын тұралап тұрғаны емес, қарқынды жүргенін қалайды. Алайда, карантин кезінде қаншама кәсіпкерлер «минусқа» кеткені айтпаса да түсінікті. Ендігі мәселеге оралсақ. Жеке кәсіпкерлер төленетін жарық мәселесінде «артық,» төлем төлеп отырғандарын тілге тиек етті. Нақты бір ғана мысал келтірсем. ЖК Рамазан Ордабасы ауданына қарасты мал бордақылау алаңында трансформатор орнатады. «сіздер пройзводствамен айналысасыздар, компрессирующи қондырғы орнатуыңыз керек, Ол деген холостойларды болдырмайды,орнатпасаңыздар жарықтарыңызды мүлде өшіреміз.Трансформаторды ажыратамыз» деген соң 250 000 дай теңгеге қондырғы орнатылады.
Осы жерде сұрақ:
1. Бұл қондырғыны қандай заңға сүйеніп орнатуды мәжбүрлеп келді?
2. Мемлекеттік мекемелерге орнатыла ма?
3. Холостой дегенді қалай түсіндіресіздер?
4. ЖК жеке кәсіпкер заңды тұлға ма, жеке тұлғаға жата ма?
Бұл мәселені анықтау мақсатында арнайы Ордабасы ауданындағы филиалға бардық. Филиал басшысы Бақдаулет мырза құжаттарды толық әкелуді сұрады.

Арада күн өткен соң қайта барғанымызда Дәурен есімді жігіт бір жапырақ қағаз беріп облыс орталығына барып есептетуді сұрады.

Сонымен арада талай шақырымды күннің аптап ыстығында облыстық орталығына бардық. Ол жерден есептетіп 3500 теңгедей есептеп шығарып берді. Ендігі сұрақ:
1.Құдайдың айы көп пе, 3500 теңге көп пе?
2. Бұл бір ғана кәсіпкерге ай сайын төлеу үшін беріліп отырған «холостой» ақы. Облыста қанша кәсіпкер осылай зардап шегіп отыр?
3. Облыста қанша мекемеге компенсиующи» қондырғыны орнатты? Мемлекеттік мекемелер де орнатып отыр деді. Нақты тексеріс жүргізіп қанша мекеме орнатқанын жарияласаңыздар..
4. Сонда кәсіпкерлердің есебінен ОңтүстікЖарыққа қанша «холостой» ақы төленгенін, мәжбүрлегенін редакцияға жауап берсеңіздер.

Ендігі жерде кәсіпкерлерді кім қорғап, кім араша түсіп жатыр? Бұл бір ғана кәсіпкердің жанайқайы емес.Бірақ, сол жанайқайына құлақ түріп жатырған басшы бар ма? Әлде, халықты қанап, «қорқытып» үркітіп қалтасын қағуда алпауыттардың асығы қашанға дейін оңынан түспек? Халықтың үнін естуші мемлекетпіз дегендей болып жатыр ма? Бұл мәселенің жалғасы бар. Бүгінгі күні бүкіл қағаздарды алып облысыты Антимонополия басшысы Шаханов не дер екен деп жолға шыққалы отырмыз?
СІЗ ШЕ? ҚОСЫМША АҚЫ ТӨЛЕП ЖҮРСІЗДЕР МА?
А.Сулеева.

Please follow and like us: