68
Шымкентте өтіп жатқан Әз Наурыз мейрамының Зияткерлік күні — жастарды білімге, салт – дәстүрді құрметтуге, ұлттық құндылықтарымыз бен мәдениетімізді дәріптеуге бағытталған шаралармен ерекшеленіп жатыр.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов Зияткерлік күнінде А. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасының алаңында өткен «Қош келдің, әз Наурыз!» мерекелік іс – шарасына қатысты.
Зиялы қауым өкілдері мен ақын-жазушылар, кітапхана оқырмандары мен қала тұрғындары өскелең ұрпақты даналық пен парасаттылыққа үгіттейтін жиында зияткерлік ойындары мен сан салалы бағытты қамтыған кітап көрмесін тамашалады.
Сондай-ақ, қолөнер жәрмеңкесі мен ашық аспан аясындағы сурет көрмесінде ұлттық құндылықтарымыз ұлықталып, салт-дәстүріміз дәріптелді.
Ұлыстың Ұлы күні қарсаңындағы іс шарада ұлттық оркестр, ұлттық ән мен биден шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, салт-дәстүр көріністері қойылды.
Наурыз мерекесіне арналған сайық-сайранда ауылдың алты ауызынан ән салған әжелер көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады.
Please follow and like us: