Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарМәдениет

ЗИЯТКЕРЛІК КҮНІНДЕ ПАРАСАТТЫЛЫҚ ПЕН ДАНАЛЫҚ НАСИХАТТАЛДЫ

⚜️Шымкентте өтіп жатқан Әз Наурыз мейрамының Зияткерлік күні — жастарды білімге, салт – дәстүрді құрметтуге, ұлттық құндылықтарымыз бен мәдениетімізді дәріптеуге бағытталған шаралармен ерекшеленіп жатыр.
🔷Қала әкімі Мұрат Әйтенов Зияткерлік күнінде А. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасының алаңында өткен «Қош келдің, әз Наурыз!» мерекелік іс – шарасына қатысты.
📚Зиялы қауым өкілдері мен ақын-жазушылар, кітапхана оқырмандары мен қала тұрғындары өскелең ұрпақты даналық пен парасаттылыққа үгіттейтін жиында зияткерлік ойындары мен сан салалы бағытты қамтыған кітап көрмесін тамашалады.
⚜️Сондай-ақ, қолөнер жәрмеңкесі мен ашық аспан аясындағы сурет көрмесінде ұлттық құндылықтарымыз ұлықталып, салт-дәстүріміз дәріптелді.
⚜️Ұлыстың Ұлы күні қарсаңындағы іс шарада ұлттық оркестр, ұлттық ән мен биден шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, салт-дәстүр көріністері қойылды.
⚜️Наурыз мерекесіне арналған сайық-сайранда ауылдың алты ауызынан ән салған әжелер көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады.
Please follow and like us: