Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарҚоғам

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ЕҢБЕК МОБИЛЬДІЛІГІ ОРТАЛЫҚТАРЫ БОЛЫП ҚАЙТА ҚҰРЫЛДЫ

156қаралым
ҚР Әлеуметтік Кодексін іске асыру шеңберінде 2023 жылғы 1 шілдеден бастап еліміздің облыс орталықтары мен мегаполистерінде 20 еңбек мобильділігі орталығы құрылады. Ал, халықты жұмыспен қамту орталықтары мансап орталықтары болып қайта құрылатын болды.
Демек, келесі айдан бастап Шымкент қаласындағы 5 аудан бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтары еңбек мобильділігі орталығына бағынысты мансап орталықтары болып жұмысын бастайды.
Жұмыспен қамту, ерікті түрде қоныс аудару, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау сынды қызметтер өзгеріссіз, бұрынғы мекенжайлар бойынша орналасатын мансап орталықтарында жалғаса береді.
Еңбек мобильділігі орталықтарының негізгі жаңа функцияларына төмендегі қызметтер кіреді:
— жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау негізінде өңірдің еңбек ресурстарының теңгерімін қамтамасыз ету;
— өңірлік жұмыспен қамту карталарын әзірлеу және оларды жергілікті жерлерде іске асыруды үйлестіру;
— жұмыспен қамтудың белсенді шараларын іске асыру және өңірде іске асырылатын барлық мемлекеттік бағдарламалар мен жеке бастамалар шеңберінде ашылатын жұмыс орындарының құрылуына мониторинг;
— жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында азаматтардың ерікті көші-қонына жәрдемдесу және азаматтарды көшіру бағдарламаларын өңірлік деңгейде үйлестіру;
— жұмыс іздеуші ретінде жүгінген және жұмыссыз адамдарды тіркеу;
— халықты, жергілікті атқарушы органдарды және уәкілетті мемлекеттік органды өңірлік еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар ету.
Жаңа орталықтар осы функцияларды іске асыру үшін өңір аумағында жұмыс істейтін еңбек нарығының барлық институттарын белсенді түрде тартатын болады. Ол үшін оларға азаматтардың нысаналы топтарын жұмысқа орналастырумен байланысты жекелеген функцияларды аутсорсингке беру құқығы беріледі.Бұл трансформация жұмыспен қамту қызметін жүйелі түрде қайта құруға, жұмысты жақсартуға және мемлекет көрсететін еңбек делдалдығы бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.
Қызмет көрсету жүйесін одан әрі дамыту мақсаттарының бірі жұмыспен қамту саласындағы барлық қызметтер мен қолдау шараларын толық цифрландыру болып табылады.
Please follow and like us: