Яндекс.Метрика
Заң және қоғамКөкейтестіҚоғамҚоғаммен тікелей эфирМәселе

«ЗАҢГЕРДІҢ» ЗАҢДЫ БІЛМЕУІ, — ӘДІЛЕТТЕ ҚАЛАЙ ҚЫЗМЕТТЕ ЖҮРГЕНІН ТЕКСЕРУДІ ТАЛАП ЕТЕТІНДЕЙ…..

ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Қошанов Ерлан Жақанұлының НАЗАРЫНА!

ҚР Әділет министрі М.Бекетаевқа.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің басшысы әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ә.Көмекбаевқа.

Шымкент қаласының Әділет Департаментінің басшысы О.Тастановқа.

 

Шымкент қаласының Еңбекші аудандық сотының судьясы А.Білтебайдың төрағалық етуімен Шымкент қаласының Әділет Департамент басшысының м.у.а.қызметін атқарған Махамбетов Нуржан Алихановичтің жауапкер «Темірқазық-Ой» газетінің бас редакторы Сулеева Анаркуль Аманкелдиевнадан «Ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау және моральдық шығынды өндіріп алу туралы талап қою арызы бойынша бірнеше айға созылған /төтенше жағдайға байланысты/ азаматтық іске нүкте қойылды.

            Жеңілген күреске тоймас демекші, білдей Әділет Департаментінің басшысы қызметін атқарған Н.Махамбетов заң нормаларын жақсы білмегендіктен, өзін қорғау үшін бір емес екі адвокат жалдаса да, заң алаңында қойылған сұрақтарға нақты жауап бере алмай, өзінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексінің 5 бабындағы 7-ші және 10-шы тармақтарының және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 49 бабының талаптары сақталмағанын білмей, ҚР БАҚ туралы Заң нормаларын білмегені өкінішті-ақ…..

Ең қызығы, Н.Махамбетов мені ҚР Қылмыстық Кодексінің 130 бабының 2 бөлігімен жеке айыптау шағымын беріп, Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының судьясы М.М.Жорабаевтың 19 наурыз 2020 жылғы маған қатысты АҚТАУ үкіміне апелляциялық шағым келтіріп, Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасынан апелляциялық  сот қаралуға дайындалған кезде, апелляциялық соттан шағымын қайтарып алған.

            Енді, азаматтық іс бойынша да, істі созып-созып келіп, түк шықпайтынына көзі жеткен соң, сотқа сот кабинеті арқылы адвокаты арыз түсіріп, істі қараусыз қалдыруды сұраған….

            Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының судьясы А.Білтебайдың 25.05.2020 жылғы ұйғарымымен талап қою арызы талап қоюшы Н.Махамбетовтің арызы негізінде қараусыз қалдырылып отыр.

            Сонда, Шымкент қаласының Әділет департаментінің басшы орынбасары Н.Махамбетовтің көздегені не?

            Әлде, мемлекеттік қызмет істер агенттігінде тәртіптік комиссия отырысынан алынатын шарадан жалтару мақсатында істеген «маневры» ма? Әлде алты ай мерзімнің өтуін күтіп жүргені ма?

Сот процесінде Н.Махамбетов Жаңа жылдық мерекелік ұжымдық кешке қызметтік көлікті мініп барғанын мойындады, дәлелдеме ретінде соттағы аудио-видео таспа көшірмесі бар.

Сонда, мемлекеттік қызметкер Н.Махамбетов Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң нормаларын өрескел бұзғанын біле тұра, белгісіз тұлғаның Ютуб әлеуметтік желісіне салған видеоролигіне комментарии жазып, сын айтқан журналистке шүйліккеніне жол болсын?… сонда Әділет Департамент басшылары мемлекеттік тесттен қалай өтіп, қалай басшы қызметке келген, өзі заң нормаларын білмесе, басқа қызметкерлерден қалай заңның бұлжытпай орындалуын талап етеді?… 

 

Сулеева Анаркуль Амангельдиевна

 

Please follow and like us: