Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қабылдауына келген №189 орамдағы көпқабатты үйлердің тұрғындары коммуналдық мәселелер төңірегіндегі талап-тілектерін жеткізген еді. Су, газ, электр қуатының үнемі берілуін қамтамасыз етуді сұраған азаматтардың өтініші ескеріліп, шұғыл түрде ақаулардың кем-кетігін анықтау жұмыстары жүргізілген. Кеше сол үйлерге арнайы барған қала әкімі жергілікті халықпен кездесті. Көпшілікті сапалы коммуналдық қызметтермен қамту мақсатында атқарылып жатқан шаруаларды тексерді. Қазіргі таңда осы істің жедел қолға алынуының нәтижесінде аталған үйлерде ауыз су, жылы су, электр энергиясы тұрақты берілуде. Сондай-ақ, «ҚазТрансГаз» АҚ-ы тарапынан табиғи газды қосу үшін абоненттердің жеке есеп шоттарын ашу жұмыстары жүргізілуде. “Пәтерлерге газ беру мәселесін бір жұма көлемінде қолға алыңыздар. Оған қоса, үйлеріне пандус арқылы оңай көтеріле алатын мүгедектігі бар азаматтардың ыңғайлы кіріп-шығуы үшін пандустарды және құрылыстағы кейбір кемшіліктерді талапқа сай ретке келтіру қажет,” – деді шаһар басшысы.
116
Please follow and like us: