Түркістан облысына Атырау облысы әкімі аппаратының қызметшілері келді. Әріптестерін Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов қабылдап, ұжыммен таныстырды. Өзара тәжірибе алмасу жөніндегі бастамаға қолдау көрсетіп, өңірдің
ерекшеліктерін, жұмыс жүйесін таныстырды.
– Қасиетті Түркістан өңіріне қош келдіңіздер! Өзара әріптестік, байланыс екі жаққа да тиімді болады деп ойлаймын. Басшылардың, мемлекеттік қызметшілердің басты мақсаты – елге қызмет ету, халықтың жағдайын жақсарту. Сіздер бізге білгендеріңізді үйретіп, біз де өз тарапымыздан сіздерге тәжірибемізді бөлісіп, жемісті жұмыс атқаратынымызға сенімдімін, – деді Еркеғали Әлімқұлов.
Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Марат Абуов қонақжайлық танытқан түркістандықтарға алғысын білдірді. Түркістан облысында тұрғындар саны көп және мәселелері де аз емес. Осы ретте халықты қабылдау, өтініштерімен жұмыс істеу және өзге де салалар бойынша әріптестерімен тәжірибе алмасуға ниетті екенін жеткізді.
Атыраулық мемлекеттік қызметшілер аппарат жұмысын көреді, сонымен бірнеше аудан, қаланы аралап, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және өзге де салалардағы жобалармен танысады деп жоспарланып отыр.
Please follow and like us:
Оқи отырыңыз...
Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы
Саяси реформалар бағдарламасы институционалдық өзгерістерді қалыптастырды. Ұйым парламенттік өкілеттіліктің жаңа тиімді құралына ие болды. Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысымен...
МӘДЕНИЕТ МАМАНДАРЫ ТАЗАЛЫҚҚА АТСАЛЫСТЫ
«Жасыл аймақ» акциясы Еңбекші ауданында ұйымдастырылды. Бүгінгі жиын ТЭЦ 3 аумағанда санитарлық тазалау және көгалдандыру жұмыстарымен жалғасты. - Бірнеше апта...
ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНА ЖАУАПТЫ МЕРДІГЕРЛЕРГЕ ҚАТАҢ ТАЛАПТАР ҚОЙЫЛДЫ
Түркістанда облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен өткен жиында құрылыс нысандарының сапасы жөніндегі мәселелер мен мемлекеттік сатып алу саласындағы бәсекелестікті...
ҚАРЖЫ МИНИСТРІ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ШЫМКЕНТКЕ КЕЛДІ
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Тақиев Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді. Министрді қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов қарсы алып, ең...