Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарҚоғам

ШЫМКЕНТТЕ НЕ ӨЗГЕРДІ?

2018 жыл – Қазақстан Республикасы картасындағы әкімшілік-аумақтың құрылымына елеулі өзгеріс енуімен есте қалды. Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы болып келген Шымкент қаласының тұрғын саны 1 млн-ға жетіп, Республикалық маңызы бар қала мәртебесін иеленді. Ал Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Түркістан қаласына ауысып, облыстың да атауы Түркістан облысы болып өзгерді. Сонымен ел тарихындағы елеулі жаңалықтың тікелей себепкері болған Шымкент қаласы мен Түркістан облысы өзгерістері туралы тоқталсақ.
Бірінші кезекте Шымкент қаласынан бастасақ..
Талайларға қалам тербеуге арқау болған Шымкентте 4 жол айырығы салынады-деген ақпарат. Бұл ақпарат 6 ақпан күні мәлім болды. Жол айрықтары Темірлан тас жолының Бекжан базары тұсы маңында, Сайрам — Жібек жолы, Арғынбеков — Дулати көшелері және Рысқұлов — Қонаев даңғылы қиылысынан салынады деген жоспар таныстырылды. Жобалық сметалық құны есептеліп, мегаполис атануына сай болу үшін нормативті құжаттар мен қаражаттар бөлінді. Содан жолайрық салуды бастап та жіберді.
Сондай ақ,15 мамырда Шымкентте қала тұрғындары көптен күткен Арбат ашылды. Сейіл мекені Бекет батыр көшесінің бойынан орын тепкен. Нысан 15 мамыр – халықаралық отбасы күніне орай ел игілігіне беріліп отыр.1 шақырымға созылған Арбаттың құрылысы 2 ай ішінде бітіріп ел игілігіне берілген болатын. Бүгінде жастардың ғана емес қала тұрғындарының керемет демалыс аймағына айналған орын болды.
5 маусымда Шымкенттің республикалық маңызы бар қала мәртебесін алуына бір қадам қалды деп сүйіншілеткен жаңалық тарады. Шымкент қалалық маслихатының кезектен тыс 29 сессиясында Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру туралы ұсыныс жасау туралы шешімге қол қойылған күн болды. 6 маусымда қаланың миллионшы тұрғыны дүниеге келген, оған белгілі кәсіпкер Қайрат Молдасейтов екі бөлмелі пәтер сыйлаған болатын.
19 маусымда Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» жарлыққа жария түрде қол қойды. Мемлекет басшысы жарлыққа жария түрде қол қою рәсімінде сөйлеген сөзінде Шымкент миллионнан астам тұрғыны бар Астана мен Алматы қалаларының қатарына қосылғанын айтты.
– «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» заңның 3-бабының 1-тармағына сәйкес бүгін мен қол қоятын жарлық Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесін береді. Бұл әкімшілік бірлік еліміздегі он жетінші аймақ болады-деді сол кездегі Президент Н.Назарбаев.
Бейбітшілік көшесінің бір бөлігіне орналасқан Арбаттың ұзындығы 430 метр, ал ені 35 метрді құрайтын демалыс орнын 1 желтоқсанда ҚР Тұңғыш Президент күніне орай пайдалануға берген болатын.
Ал бүгінде жолайрықтың бір беті ашылып жүргізушілердің алғысына да бөленіп үлгерді.
Қаланың қарқынды дамуы, тұрғындар саны миллионнан асқан соң баспана мәселесін ушықтырмай шешу жолын табуды, мемлекет басшысы үкіметке алақан жаймай инвестиция тартуды, бюджеттің көбейту жолында кәсіпкерлермен бірлесіп жұмыс жасауды тапсырған болатын.
2020 жылдың 21 қаңтарынан бастап Шымкент қаласының әкімі болып Мұрат Әйтенов тағайындалды.
Әлемді әбіржіткен індетпен қатар келгені жасырын емес. Дәріханалардағы дәрі тапшылығы, ауруханада орын жетіспеу, індетпен алысуға қаланың ауруханалары дайын еместігі, бюджеттің аз болуы, ең арысы медициналық масканың тапшылығынан, табылған күнде бағаның тым қымбат болуы, тұрғындардан бейне жазбалар желіге көптеп шығуынан басталды. Жаңадан келген әкімге індетпен қатарласып тағайындалуы да сынақ болса керек, алайда, Әйтенов кеш болысымен дәріханаларды аралап өз көзімен көруден, мәселенің шешу жолдарын іздеуден бастағаны есімізде.
Екінші әкімнің атын шығарған «атышулы» АТШАБАР болды. БАҚ беттері мен әлемжеліні шулатқан атшабар мәселесінде белгілі сәулетшілер бастап қарсылық танытты. Талай сынға ұшырап, пәтер емес саябақ керек деген тұрғындар да кездескен ең «жанжалды» құрылыс осы атшабар болды. Алайда, халықтың басты мәселесі баспана мәселесін шешуді Президентіміз қадап тапсырды. Әбден тозығы жеткен атшабар бүгінде қаланың Бозарық аумағынан жаңартылып, заманауи етіп салынды. Ашылу салтанатын Наурыз мерекесімен бастау алды.
Әкім әуелгі жұмысты жолайрықтардың уақтылы бітуін қадағалап, құрылыс нысандарын аралау, кептелісті болдырмаудың бірден бір жолы жолайрықтардың бітуі екенін мердігерлерге ескертіп, сапалы болуына барынша назар аударды. Иә, құрылыс жұмыстары бітпей ақ сыншылар да көбейді. Дегенмен, халықтың игілігі мен қаланың даму жолында барынша жағдай жасауды ғана ойлады.
2021 жылы қаладағы тозығы жеткен 35,8 шақырым электр желілері және 98 дана трансформаторлар қалпына келтіру жұмыстары жүргізілсе, ауыз сумен 59,6 мыңға жуық халық қамтылған. Ал кәріз жүйесімен 30 мыңға жуық халық қамтылған. Нәтижесінде, кәрі жүйесімен деңгейі 49,1%-дан 54%-ға жеткен. Тұрғындарды сапалы электрмен қамту көрсеткіші 93%-дан 97%-ға жеткен. Әйтеновтың тұсында халықты баспанамен қамтамасыз ету бойынша Шымкент қаласында 2021 жылы алғаш рет 1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үймен қамтуға 107,7 млрд.теңге бағытталып,5 276 пәтерлі 81 тұрғын үй пайдалануға тапсырылған. Соңғы екі жылда құны 200 млрд.теңгені құрайтын 85 инвестициялық жоба іске асырылып, 4 500 жаңа жұмыс орындары ашылды. Бизнесті қолдау мен дамыту шеңберінде «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 3493 жобаға12,7 млрд. теңгеге қолдау көрсетілді. Көлік кептелістерін болдырмау мақсатында аса маңызды жобалар Қонаев даңғылы, А-2 автожолын қайта құру, Оңтүстік және Шығыс айналма жолдары, Рысқұлов-Қонаев, Бәйдібек би -Арғынбеков жол айрықтары құрылыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 56,5%-дан 63,6%-ға жеткен. Қоғамдық көлікті жаңарту бойынша қалада жолаушылар көлігін дамытудың кешендік схемасы бекітіліп, 590 автобустар алынып, қоғамдық көліктер 90%жаңартылды. Жеке инвестициялар есебінен электрондық төлем жүйесі енгізілді. Әрине, төлем айналасында алғашқы кезде түсінбеушіліктер орын алғанын жасыра алмаспыз. Дегенмен, автобустарда кондуктордың қысқартылуынан кейін «қасақана» (ұйымдастырды деген күдіктеміз.авт-р) кондукторлардың наразылығы да ұмыт бола қойған жоқ. Кәсіпкерлермен келісім жүргізіп мәселе оң шешімін тапты.
Бүгінде Арғынбеков-Дулати-Рысқұлов көшесіндегі жолайрық жұмыс жасап тұр.
Алғашқы келгенде «Әйтенов мемлекеттік тілге шорқақ екен»-деген сөздер желдей есті. Алайда, Әйтеновтың жем сөзінің орысшасын ұмытып қалып, «орысшаға шорқақ»- екен дегендей сындар желіде кеңінен тарады.
Президенттің 2022 жыл 07 наурыздағы қаулысына сәйкес:
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17 және 21-баптарына сәйкес және қоғамды одан әрі демократияландыру, елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын, жауапкершілігін, есептілігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін, олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін-делінген.
Әр айдың алғашқы сәрсенбі күні әкім халықпен жеке қабылдауы ауқымды өткізуді қолға алды.
Сөз соңында сандарды сөйлетейік:
соңғы бес жылда өнеркәсіп өнімінің көлемі 492 млрд. теңгеден 937 млрд. теңгеге жетті, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 58 мыңнан 110 мыңға дейін өсті, сонымен қатар қалаға 2 трлн. теңгеден астам инвестиция тартылып, бюджет көлемі 146 млрд. теңгеден 613 млрд.теңгеге жетті. Макроэкономикалық көрсеткіштерде өсім динамикасы бар. Ағымдағы жылдың 5 айында инвестиция көлемі 22 пайызға, құрылыс жұмыстары 29 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 73 пайызға, бөлшек сауда көлемі 25 пайызға артқан.
Please follow and like us: