Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарМәдениет

ШЫМКЕНТТЕ «КҮТКЕН КҮН» АТТЫ СПЕКТАКЛЬ-КОНЦЕРТ ҚОЙЫЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласында 9 мамыр Жеңіс мерекесіне орай “Әл-Фараби” алаңында «Күткен күн» атты мерекелік концерттік бағдарлама өтті. Мерекелік қойылым халық жазушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері Әбдіжәміл Нұрпейісовтің “Күткен күн” романы желісімен әзірленген. Сонау қаралы соғыс жылдарындағы ел басына күн туған ауыртпалықты шебер сахналаған “А. И театрының” ұжымы спектакль-концерт ретінде ұсынып, толқыған көрерменді әсерлі сәтке бөледі.

Жазушы Ә. Нұрпейісов қырқыншы жылдардың орта шенінде өзі ішінде болып, бүге-шүгесін әбден анық білетін Курляндия оқиғасынан очерк жазбақ болады. Оның жазушылық жолы осыдан басталған.

Ұлы Отан соғысы кезіндегі оқиғалар, халықтың тұрмысы жайлы осы романда айтылады.

Басты рөлдерде
Мәдениет саласының үздігі Бағлан Иманғалиев,
ҚР еңбек сіңірген әртісі Гүлжамал Қазақбаева,
“А. И театры” актері Еркебұлан Есіркеп және тағы басқа танымал театр труппасы өнер көрсетті.
Сондай-ақ, мерекелік кеште ҚР халық әртісі Роза Рымбаева, әнші Маржан Арапбаева, Айгүл Иманбаева әннен шашу шашып, көрерменді шаттыққа бөледі.
Іс шара ұмытылмас күндердің естелігі боп мәңгілікке ел жадында сақталары хақ.

Please follow and like us: