Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарМәдениет

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ АСПАПТАР ОРКЕСТРІ ЕЛ ҚОШЕМЕТІНЕ БӨЛЕНІП ЖҮР

Шымкент қалалық мәдениет үйі концерттік ұйымының жанынан құралған Қазақ халық аспаптар оркестрі бүгінде қанатын кеңінен жайып, ел қошеметіне бөленіп жүр.
Құрылғанына не бәрі 2 жыл болса да оркестр өз репертуарын қазақтың ән-күйлерін және де шетел шығармаларымен байытып, көпке танымал болып үлгерді. Тек елімізде ғана емес, халықаралық деңгейдегі мерекелік жиындарда өнер көрсетіп жүр.

Атап айтсақ, Италия, Әзербайжан, Өзбекстан мемлекеттерінде қазақ күйлерін орындап, қазақ елінің абыройын асқақтатты.
Оркестрдің көркемдік жетекшісі ҚР еңбек сіңірген әртісі, профессор танымал тұлға Жалғасбек Бегендіков. Ал халықаралық байқаулардың жүлдегері, Өнертану ғылымдарының магистрі, күйші, дирижер Жамбыл Мейірбеков оркестірдің бас дирижері қызметін атқарып келеді.

30-ға жуық өнерпаздан құралған оркестр өнерпаздары жоғары деңгейдегі өз ісінің нағыз шеберлері яғни, өнер ошағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының және Қазақ ұлттық өнер университетінің түлектері.
Құрылғалы сүйікті тыңдармандарын жинап үлгерген қазақ халық аспаптар оркестірі өнер сүйер көпшілікке 2 рет жеке концертін ұсынып, ел қошеметіне бөленді.

Please follow and like us: