Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Алматыдағы ҚХР-ның Бас консулы Цзян Вэй ханыммен кездесіп, Шымкент пен Қытайдың Сиань қаласы арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер барысында екі қаланың арасында ресми түрде бауырластық байланыс орнатты. Кездесу барысында қалалар арасында мәдениет, туризм, ауылшаруашылығы, құрылыс, жол-көлік салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру тетіктері талқыланды. Былтыр Шымкент пен Қытай арасындағы екіжақты тауар айналымы 236,6 млн.АҚШ долларына жеткен. Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан миллионды қала арқылы Еуропа мен Азия арасындағы байланыстарды нығайтуға бағытталған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трансұлттық көлік дәлізі өтеді. Мегаполистің Орталық Азияда инвестициялар, технологиялар мен зияткерлік ресурстарды тартудың жаңа орталығы болуда әлеуеті зор. Қытай тарапы республикадағы үшінші қаланың осындай мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, түрлі салада ұзақ мерзімді жобаларды іске асыруға қызығушылық танытуда. Бас консул қыркүйек айында Шымкент делегациясын Сиань қаласында өтетін экономикалық мәселелер талқыланатын ауқымды шараға қатысып, қаланың мүмкіндіктерімен танысуға шақырды. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Please follow and like us:
Оқи отырыңыз...
Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы
Саяси реформалар бағдарламасы институционалдық өзгерістерді қалыптастырды. Ұйым парламенттік өкілеттіліктің жаңа тиімді құралына ие болды. Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысымен...
МӘДЕНИЕТ МАМАНДАРЫ ТАЗАЛЫҚҚА АТСАЛЫСТЫ
«Жасыл аймақ» акциясы Еңбекші ауданында ұйымдастырылды. Бүгінгі жиын ТЭЦ 3 аумағанда санитарлық тазалау және көгалдандыру жұмыстарымен жалғасты. - Бірнеше апта...
ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНА ЖАУАПТЫ МЕРДІГЕРЛЕРГЕ ҚАТАҢ ТАЛАПТАР ҚОЙЫЛДЫ
Түркістанда облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен өткен жиында құрылыс нысандарының сапасы жөніндегі мәселелер мен мемлекеттік сатып алу саласындағы бәсекелестікті...
ҚАРЖЫ МИНИСТРІ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ШЫМКЕНТКЕ КЕЛДІ
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Тақиев Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді. Министрді қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов қарсы алып, ең...