Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарЗаң және қоғам

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

🔷 Шымкент қаласының цифрлық «Ашық картасы» әзірленді. Картада қала бойынша жер сауда-саттығы, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандары, қаланың бас жоспары, егжей-тегжейлі жоспары, қызыл сызықтар, шекаралар, құқық бұзушылық картасы, бос жер учаскелері бойынша өзекті ақпараттар орналастырылған.
Сонымен қатар, ақпараттық жүйе бойынша 16 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды. Атап айтқанда, сәулет, қала құрылысы саласында — 8, жер қатынастары саласында — 8 мемлекеттік қызмет.
🔷 Шымкент қаласының геоақпараттық жүйесіне https://geo-shym.kz сілтемесі арқылы өтуге болады.
🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Please follow and like us: