Яндекс.Метрика
КөкейтестіМәселе

қашықтан оқыту шалғай ауданда қалай өтіп жатыр?

Әлемді дүр сілкіндірген «Корановирус» жер бетіндегі әр бір адамды ойсыз, бей- жай қалдырмағаны анық. Ия бұл жағдай біздің елді де айналып өтпеді. Еліміз карантиндік жүйеге көшті, сақтық шаралары күшейтілді. Барлық оқу орындары қашықтықтан оқыту жүйесіне көшті. Ал, бұл жүйе бір айдан бері қалай жүзеге асырылуда. Осы орайда ауданымыздың мектептерінде қашықтықтан оқыту қалай жүруде? Алдағы уақытта нәтижесі қалай болмақ? деген сұрақпен Созақ аудан орталығындағы А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінің директоры Талғат Шаймерденовпен қашықтықтан сұхбат жүргізген болатынмын.

Талғат Атажанұлы еліміздегі пандемияға байланысты енгізілген төтенше жағдайға сәйкес сізбен жүзбе – жүз сұхбаттасудың мүмкін болмауына орай ватцап желісі арқылы сұхбат алуға тура келіп отыр. Сізге қояр алғашқы сұрағым төртінші тоқсанды қанша сынып комплектісі бойынша қанша оқушымен бастап отырсыздар?

Ия . Өте орынды. Сонымен 6 – шы сәуір күні төртінші тоқсанның сабағы қашықтықтан білім беру жүйесі бойынша басталғаны өзіңізге белгілі. 35 сынып комплектісі бойынша 640 оқушымен сабақ бастап кеттік.

Қашықтықтан оқытуға мектеп қаншалықты деңгейде дайын болды, менің білуімше Тәуелсіз Қазақстан болғалы бұрын соңды мұндай үрдістің болмағаны белгілі ғой…

Дұрыс айтасыз еліміздің мұндай жағдайға тап болғаны тұңғыш рет. Мектеп ұжымы бүкіл ұстаздар қауымы мен ата – аналар, оқушылар қашықтықтан оқытуды бұрын – соңды бастан кешіріп көрген емес. Сондықтан алғашқыда қиын болғаны рас. Бірақ біз бұл үрдіске жан – жақты дайындалдық. Дайындық жұмысын үш бағытқа бөліп қарастырдық.

— Біріншіден: әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасының балаларын анықтадық, ондай отбасында 72 оқушы білім алуда. Сол отбасыларға жеке – жеке барып қашықтықтан оқыту үшін қажетті құрылғылардың бар – жоғын анықтап 11 отбасыға мектеп тарапынан компьютер мен нотбуктармен қамтамасыз еттік. Сонымен қатар интернет желісін пайдалана алмайтындарға 30000 теңгеге флеш – картаны демеушілер

арқылы алып беріп интернетке қосылуына көмектестік. Осыдан соң барлық оқушыларымыз толық қашықтықтан оқу мүмкіндігіне ие болды.

— Екіншіден: смартфон, планшет ұялы телефон, арқылы пән мұғалімдер мен сынып жетекшілердің ата – анамен байланыс орнатуына арналған. Чат құрылды, барлығын осы желіге жүктедік.

— Үшіншіден: ата – аналармен оқушыларға психологиялық тұрғыдан қолдау мақсатында мектептің психолог – педагог, логопед, дефектолог мамандарының группасын құрдық. Олармен тікелей байланысқа шығып, сұрақ – жауап алуға, тренинг ұйымдастыруына жол аштық. Осы жұмыстарды ұйымдастырудың арқасында қашықтықтан оқытуға байланысты мәселе тез шешімін тауып отырды.

Мектептің қашықтықтан оқытуда бұрын тәжірибесінің болмауына байланысты әдістемелік жұмыстар қалай ұйымдастырылды?

Орынды сұрақ, қашықтықтан оқыту жөнінде Білім және Ғылым министрлігінің №123 бұйрығымен Ережесі шыққан болатын. Осы бұйрықпен Ережеде оқытуды қалай іске асыруға болатыны сабақ процесін ұйымдастырудың жан – жақты жолдары көрсетілген. Сондықтан мұғалімдерді осы құжатпен қамтамасыз етудің нәтижесінде білім беру үдерісін ұйымдастырудың барысында әдістемелік тұрғыдан барлық мүмкіндіктер пайдаланылды.

Қашықтықтан оқыту барысында ата – аналардың баласын өздері оқытуына тура келді, осы орайда ата – ана тарапынан қандай да бір өкпе – реніш туған жағдайлары кездескен жоқ па?

Енді, ата – ана тарапынан ұстаздар қауымына арнап өрескел бір өкпе – реніш туындаған жоқ. Бірақ алғашқы аптада ата – аналардың барынша қиналғанын байқадық. Оның негізгі себебі қазақ отбасында кемі 3 – 4 бала бар. Оның сабағын үйде қадағалау үшін ата – ана қашықтықтан берілген сабақты бақылап, көріп отырмаса ондағы берілген тапсырманы орындау барысында міндетті түрде түсінбестік туады. Осыдан барып тапсырманың орындалу жолын шеше алмаған ата – ана баласына оның ұстазына ренжіп жатады. Бұл қалыпты жағдай. Егер берілген жаңа сабақты ата – ана баласын ұқыптылықпен, ынтамен, зейінмен қадағаласа ондағы тапсырманың орындалуы да анағұрлым жеңіл болады. Мәселе осында, осыны ата – ана енді түсініп жатыр.

Айтыңызшы, қашықтықтан оқыту кезінде үй тапсырмасы берілмеуі керек деген ұсыныстарды естіп жатырмыз, осы жөнінде не айтасыз?

 

Қашықтықтан оқыту үрдісінде үй тапсырмасы деген ұғым қолданылмайды. Оның негізгі себебі: бала мектептегі дәстүрлі сабақта емес 24 сағат үй жағдайында білім алып жатыр. Сондықтан қашықтықтан оқыту барысында үй тапсырмасы деген терминнің орнына оқу тапсырмасы деген теңеу қолданылады. Әрбір өтілген жаңа сабақ яғни ол бала үшін жаңа материал баланың есінде қалуы үшін бекіту сабақтары беріледі. Бұл оқу тапсырмасы немесе жаттығу түрінде болуы мүмкін. Себебі: ол пәннің атауына және спецификасына сәйкес болып келеді. Бірақ оқу тапсырмасы барынша аз берілуіне көңіл аудару жөнінде Ережеде көрсетілген. Егер оқу тапсырмасы берілмесе баланың келесі сабақты көргісі де немесе оқығысы да келмеуіне әкеп соғады. Бір сөзбен айтқанда баланың қызығушылығын жояды, әрі көргенін, білгенін есте сақтап қала алмайды. Оқу тапсырмасы сол үшін керек.

Талғат Атажанұлы, төртінші тоқсан біткен соң бітіру және аралық емтихан болмайды деген мәселеге сондай – ақ ҰБТ – ға дайындық жағдайына тоқталып өтсеңіз.

Білім және Ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес оқушылар пандемия жағдайында емтиханнан босатылып отыр. Тоқсандық одан соң жылдық бағаларының негізінде сыныптан сыныпқа көшеді, негізгі және жалпы орта білім жөніндегі аттестаттарын алады. Ал ҰБТ – ға дайындық мәселесі онлайн режимінде ұйымдастырылып жатыр. Бүгінде оқушылар ҰБТ жөнінде бірнеше интернет ресурстары арқылы дайындық жұмыстарын жүргізіп отыр. ҰБТ – ны тапсыру мерзімі өзгеріссіз қалып отыр бұл әзірге егер қандай да бір өзгеріс болып жатса оны оқушылар мен ата – аналарға жеткізетін боламыз.

Рақмет.

Ия, аудан көлемінде жалпы қашықтықтан оқыту жүйесі қалыпты жағдайға түскен сияқты. Дәл осы сұрақ бойынша, Жартытөбе, Қыземшек, Тасты, Құмкент, Сызған, Созақ ауыл әкімдіктеріне қарасты мектептермен де, ата-аналармен де хабарласып, жөн сұрастық. Бұл жүйегеде мұғалімнің де, ата-ананың да, оқушының да қалыптасып алғанын байқадық. Бұл да өркениеттіліктің бір белгісі деп білейік.

Нұржамал МАЙУСОВА

Please follow and like us: