Полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, түрлі қылмыстарға, құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында тәулік бойы қызметте болады. Десекте кей кездері өзі заң бұзып тұрса да, полицияға қарсылық көрсетіп, бағынбайтын тұрғындар да кездесіп жатады. Мәселен Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында, мемлекеттік нөмірлері жоқ, терезелерін күңгірттеп алған «Даевоо Нексия І» автокөлігін байқап, тоқтатады. Алайда жүргізуші тәртіп сақшыларының заңды талабына бағынбай, көлігімен өзінің үйіне қарай қашады. Полицейлер болса, оның соңынан қуып жетеді. Одан әрі жүргізушінің жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтыру кезінде, тұрғын полицейдің нысанды киіміндегі шенін жұлып, қорлау әрекетін жасайды. Қазіргі таңда тұрғынның осы іс-әрекеті үшін ҚР ҚК-нің 378-бабы 1-бөлігі «Билік өкілін қорлау» бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
81
Please follow and like us: