Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарЗаң және қоғам

Полицейлер жолда қалып қойған жүргізушіге көмектесті

Түркістан облысы ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері түнгі уақытта «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» тас жолының 10 шақырымында «Газель» маркалы автокөлігінің бұзылып тұрғанын байқайды.
Полицейлер бірден көліктің жанына жақындап, қандай да бір көмек қажет пе екенін сұрайды. Белгілі болғандай, жүк көлігі бұзылып, жүргізуші өзі жөндей алмай тұрған.
Осы ретте полиция аға лейтенанттары Ахмедияр Ақылбаев пен Дияс Бакберсин шұғыл көмек көрсетіп, көлікті жақын маңдағы техникалық қызмет көрсету станциясына жеткізуге көмектесті.
Жүргізуші ер адам Түркістан облысының полицейлеріне алғысын білдірді.

Please follow and like us: