Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарЗаң және қоғам

МИНИСТР КІМДЕРДІ МАРАПАТТАДЫ?

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаев Шымкент қ. ПД-нің қызметте ерекшеленген қызметкерлерін марапаттады.

Бүгін сағат 16.00-де Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75-жылдығы қарсаңында полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаев бейнеконференц байланыс арқылы еліміздің барлық аймақтарынан 47 ерекше көзге түскен полиция қызметкерлерін салтанатты түрде марапаттады.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Ералы Жумаханбетовтың қатысуымен өткен салтанатты рәсімде департаменттің 9 қызметкері марапатталды.

«Құқық тәртібін қамтамасыз етудегі қосқан үлесі үшін» медалімен:

— Қаратау АПБ-ның полиция капитаны Есенқұлов Медет Қанатұлы марапатталды, ол ағымдағы жылдың 16 наурызында жергілікті тұрғын көпқабатты үйдің 9-қабатынан секіріп кетпек болған кезде суицидтің алдын алып, оны құтқарып алған;

— Еңбекші АПБ-ның қызметкерлері полиция майоры Дәурен Мырзалиевич Майрихов, полиция майоры Біржан Сағынбаевич Сағынбаев, полиция майоры Дәулет Бақытұлы Абубакиров жәнеТемір Жәнібек Өмірбекұлы суицидтің алдын ағаны үшін: олар а.ж. 26 наурызында кәмелет жасқа толмаған қызды темір жол рельсінен шығарып, құтқарып алған;

— Қаратау АПБ-ның полиция аға лейтенанты Болат Асхат Тайырханұлы, оны ішкі блок-бекетте құқық тәртібін сақтау бойынша міндетін орындау кезінде «Лексус-570» маркалы автомашинасы қағып кеткен;

— Абай АПБ-ның қызметкерлері полиция капитаны Абдрахманов Мұзафар Хикматуллаевич және полиция лейтенанты Ирисбеков Бименды Ермухамедович тұрғындарды агрессивті иттен құтқарған, нәтижесінде бір қызметкер жарақат алды.

Бұдан басқа, алғыс хатпен полиция лейтенанты Чуманов Асқар Шералиевич марапатталды, ол ағымдағы жылдың 16 наурызында жергілікті тұрғын көпқабатты үйдің 9-қабатынан секіріп кетпек болған кезде суицидтің алдын алуға үлесін қосқан.

Шымкент қаласы Полиция департаментінде қызмет ететін кәсіби және қайсар мінезді офицерлерімізді мақтан тұтамыз. Мұндай ерліктер, әрине, үлкен құрмет пен қоғамдық мойындауға лайық.

 

Please follow and like us: