Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарҚоғамМәселеСпорт

МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ — 2022 ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Шымкентте «Мерейлі отбасы — 2022» байқауына қатысуға өтініш білдірген белсенді отбасылар саны артты. Былтыр конкурсқа қатысуға 110 отбасы ниет етсе, биыл 128 отбасы құжат тапсырған.

Қазіргі таңда төрт аудан бойынша аудандық деңгейде өткен конкурс өз мәресіне жетті. Абай ауданы – 33, Әл-Фараби ауданы – 30, Еңбекші ауданы – 31, Қаратау ауданы – 34 мерейлі отбасы тиісті құжаттарын тапсырып, жеңімпаздарды анықтау бойынша құрылған комиссия өз шешімдерін шығарды. Әр ауданнан 4 отбасыдан жалпы 16 отбасы жеңімпаз деп танылып, олар қалалық кезеңге жолдама алды.
Атап айтатын болса,
Абай ауданы бойынша: Тоқтиевтар отбасы Қаржаубаевтар отбасы, Сыздықовтар отбасы, Шаймырзаевтар отбасы.
Әл-Фараби ауданы бойынша: Бидайбековтар отбасы, Абдихановтар отбасы, Шамшиевтер отбасы, Баймахан отбасы.
Еңбекші ауданы бойынша: Байбосыновтар отбасы, Бақтыбаевтар отбасы, Тенизбаевтар отбасы, Шукуровтар отбасы.
Қаратау ауданы бойынша: Жақыповтар отбасы, Есенамановтар отбасы, Бойшевтар отбасы, Адилбаевтар отбасы.
Енді, қалалық кезеңінің жеңімпаздары 15 шілдеге дейін анықталатын болатын. Қалада үздік деп танылған отбасылар республикада бақ сынайды.

Please follow and like us: