Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарҚоғам

М.ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚҚА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ ҮШІН АУЫЗСУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ

 Қазіргі таңда Шымкентте 81 елдімекеннің 78-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Ал Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ елдімекендерінің тұрғындары әзірге кесте бойынша ауыз су тұтынады.
Бүгінде мегаполис елдімекендерін сапалы ауыз сумен қамту мақсатында 6 нысанда су құбырларын тарту жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр. Олар — Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші ауданы жаңа құрылыс аумағы.
Бүгін қала әкімі М.Әйтенов Сайрам тұрғын алабында болып, атқарылып жатқан құрылыс барысын қадағалады. Жобалаушы мекеменің 3 кезеңнен тұратын жобалау – сметалық құжаттамасының сараптама қорытындысы алынып, қазір мердігер компания құрылысқа қызу кіріскен.
🔷 М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға құрылыс талаптарын қатаң сақтап, сапасыздыққа жол бермеуді ескертті. Қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін жұмыстарды күшейтіп, нысанды мерзімінде қолданысқа беруді тапсырды.
Жоспарға сәйкес жылдың қорытындысымен аталған 6 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі. Нәтижесінде 72 мыңнан астам адам орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылу мүмкіндігіне ие болады. Осылайша биыл Шымкент қаласы бойынша ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 98,5% — дан 100% — ға дейін артатын болады.
🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Please follow and like us: