Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарЗаң және қоғам

Көпбалалы полицей «Отбасы күнімен» құттықтайды

Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы Патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы полиция капитаны Марат Сұлтанханұлы Омаров көпбалалы әке, оның шағын мемлекетінде 2 ұл, 3 қыз өсіп келеді. 8 жыл алдын отбасылық өмірге қол ұстасып бірге қадам басқан жары Аида екеуі бүгінде балаларына жақсы тәрбие беріп, елдің азаматтары болуға баулуда.

Осы жылдар аралығында жауапкершілігі мол, уақытпен санаспайтын қызметтен қолы босай бермейтін Маратты, сүйікті жары барынша қолдап, алаңсыз жұмыс жасауына жағдай жасап келеді. Осы ретте полицей «Отбасы күні» қарсаңында өзінің жұбайына алғысын білдіріп, мерекемен құттықтады.

Өз кезегінде жас ана Аида, полицейдің жары болу оңай емес екенін айтып, барынша отбасының ұйытқысы болуға тырысатынын жеткізді.

Ендеше еліміздің тыныштығын сақтауда адал қызмет етіп жүрген, жанұясында 5 балаға тәлім-тәрбие беріп отырған Марат Омаровтың отбасына амандық, жұмысына табыс тілейміз!

Please follow and like us: