Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ АЗАМАТТАРҒА ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Бүгін «Nur Otan» партиясы Еңбекші аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, фракция мүшесі Рашкүл Жәлелқызы Оспаналиева азаматтарға жеке қабылдау өткізді.  Жалпы, халық қалаулылары апта сайын көпшілікпен кездесіп тұрады. Сайлаушыларының үніне құлақ асып, олардың пікірін тыңдау міндет деп санайды. Осы арқылы ел ішінде туындаған мәселелерді дер кезінде шешуді дәстүрге айналдырып отыр.
Депутат азаматтарды онлайн және оффлайн форматта қабылдап, қабылдауға жазылған аудан тұрғындарының әлеуметтік көмек, тұрғын үй кезегі, комуналдық және несие төлемдері тұрғысындағы мәселелерін қарап, сұрақтарына заң аясында жауап берді.
Қабылдауға жазылған азаматша Г.Жолбарысова өзінің мүгедек баланың асыраушысы екенін, денсаулығына байланысты жұмыссыз болғандықтан, дәрі-дәрмекке мұқтаж екенін айтып өтініш білдірді. Депутат мән жаймен толық танысып шығып, азаматшаға өз есебінен қаржылай көмек көрсететінін жеткізді. Мәселе оң шешімін тапты.
Көпшілік пікіріне құлақ асып, елдік проблемалардың шешілуін жеделдету мақсатында депутаттар әр жетіде бір мәрте қоғамдық қабылдау өткізуде.
Please follow and like us: