ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ІІІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Бүгін «Қоғам бірлігі — Жаңа Қазақстанның негізі» тақырыбында Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ІІІ сессиясы өтті. Алқалы жиында ҚХА-ның ХХХІ сессиясында берілген тапсырмалардың орындалу барысы талқыланды. — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында татулық пен қоғамдық келісімді сақтау мемлекеттік саясаттың басты бағыты екенін айрықша атап өтті. Ассамблеяның саяси жүйені реформалау ісіндегі рөлі мен әрі қарай дамыту міндеттерін белгіледі. Қазақстандағы барлық азаматтың құқығы тең. Яғни, кескін-келбетімізге, ұлтымызға, түсімізге қарап бөлінбейді. Еліміздегі түрлі этнос өкілдері қаншама жылдардан бері тату-тәтті өмірі сүріп келеді. Ал, бұл әрбір азаматтың танымына тікелей...