Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарЗаң және қоғамҚоғамҚоғаммен тікелей эфирМәселе

БАСЫНҒАН БАССЫЗДАРҒА, ҚОРҒАНСЫЗ ПЕРІШТЕЛЕРГЕ ЗӘБІР КӨРСЕТКЕНДЕРГЕ ЗАҢМЕН ҚАТАҢ ЖАЗА

128қаралым

«23 шілде күні кешкі сағат 9-да Сатпаев қаласының Ішкі істер басқармасына 5 жасар қыздың жоғалғаны туралы арыз түсті. Дереу іздестіру нәтижесінде бүлдіршін  қаладағы бір үйден табылды. Кішкентай қызды зорлады деген күдікпен бір азамат қамауға алынды. Бірақ бірнеше адам күдіктіні өз қолдарына беруді талап етті, жанжал шығарды», – дейді министр. Бұл туралы ақпаратты  Елорда Инфо тілшісі хабарлады.

Сондай ақ, «Тәртіпсіздікке жол бермеу үшін қосымша полиция күштері тартылып, жағдай бақылауға алынды. Бұл оқиға бойынша бірнеше баппен қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жалғасуда. Елдегі қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полицейлер бар күшін жұмсайды», – дейді Е.Тұрғымбаев.

Ведомство басшысы сөз арасында арандатушылыққа жол бермеуге шақырды.

«Әлеуметтік желі арқылы тарап жатқан, жалған ақпараттарға сенбеңіздер! Және оны таратпаңыздар! Тек ресми ақпаратқа сенініздер! Ішкі істер министрлігі үнемі мониторинг жүргізіп, жағдайды бақылап отыр. Жалған, негізсіз ақпарат таратуға қатысты заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», – деп сөзін аяқтады министр.

Ал енді адами тұрғыдан қарайық. Естеріңізде болса дәл осы Сатпаевта кішкентай қызды зорлады деген күдікпен ұсталған азаматты ұрып-соққан полиция сержанты жұмыстан шығарылған болатын.(2017 жылы)

Біреудің үлбіреген қызына жауыздық жасаған қаскөйлер неге көбейіп кетті? Заңмен алдын алуға болмай ма? -деген сияқты пікірлер қоғамда көбейіп кеткені жасырын емес. Қоғамда көзқарас солай қалыптасып қалғаны да өкінішке орай шындық. Солқылдақ заңдар мен әлімжеттік тұрғанда қатал заң болуы мүмкін емес. Ендігі жерде провакаторлар мен жалған ақпарат таратушылар қосылды. Сонда, ойыннан басқаны білмейтін, ойларында арамдық түгілі жан жағындағының бәрін періштеге балайтын бақытты балалық шақты ғана өткеруге тиіс балғындар жауыздардан зәбір көріп отырғанда заңның әлсіздігі шынында ашу ызаға тиетіні заңдылық.

Екі күннен бері тыныштығы бұзылған Сатпаевтық ағайындарға Алла сабыр берсін. Бұл жалғыз Сатпаев қаласының жан жарасы емес. Бұл бүкіл Қазақ елінің басына түскен нәубет. Қазақ елінің жан жарасы. Басынған бассыздарға, қорғансыз періштелерге  зәбір көрсеткендерге заңмен қатаң жазаны сұраймын.

А.Сулеева

 

Please follow and like us: