ПОЛИЦЕЙЛЕР СУҒА ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНДА 30-ДАН АСТАМ ТҰРҒЫНҒА ЕСКЕРТУ ЖАСАДЫ
Жаз маусымы басталса, жасөспірімдердің шомылуға баратыны сөзсіз. Осы тұрғыда полиция қызметкерлерінің жұмыстары күшейіп, оларға түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін барлық аудандардың қызметкерлері жұмылдырылады. Мәселен, Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері судағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өткізді. Олар 30-дан астам аудан тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тиісті ескертулер жасады. Полицейлер суға шомылуға тыйым салынған...