Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарКөкейтестіҚоғамМәселе

КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ӨЗІҢІЗДІҢ ЖӘНЕ ЖАҚЫНЫҢЫЗДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ — БАСТЫ МІНДЕТ

Түркістан облысында бүгінгі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі 8 маусымға дейін ұзартылды. Осыған орай өңірде бірқатар шектеулер сақталады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев онлайн-брифингте мәлімдеді. «Ауа арқылы тез тарайтын бұл дерттің әзірге нақты вакцинасы жоқ. Дәрігерлер қауымы күн-түн демей вирусты жеңу жолында талмай еңбек етуде. Облыс аумағында да...
ЖаңалықтарҚоғам

МАҚТААРАЛДА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖЫЛЖЫМАЛЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА

Мақтаарал ауданында бос жұмыс орындарының жылжымалы жәрмеңкесі ұйымдастырылуда. Шараның мақсаты- топан судан зардап шеккен ауылдардың тұрғындарына арналып Мырзакент кентінің шығыс жақ бетінде салынып жатқан жаңа шағын ауданындағы тұрғын үй құрылысына қажетті жұмысшыларды тарту. Дәл қазіргі таңда аудандық жұмыспен қамту орталығының мамандары 2 кент және 9 ауылдық округті аралап,тұрғындарға бос жұмыс...
ЖаңалықтарКөкейтестіҚоғам

ШЫМКЕНТТЕГІ ДЕНДРОСАЯБАҚТА 6,5 ШАҚЫРЫМ ВЕЛОЖОЛ САЛЫНАДЫ

Шымкент қаласындағы Асанбай Асқаров атындағы дендросаябақта 6,5 шақырымды құрайтын веложол мен 1164 метр болатын жүгіру жолақтарының құрылысы басталды. Демалыс орнының аумағын аралап шыққан қала әкімі М.Әйтеновке дендросаябақта жүргізілетін абаттандыру, веложол мен жүгіру жолақтарын орнату және жарықтандыру жобаларын таныстырды. Қайта жөндеу жұмыстары бойынша баяндаған мекеме басшысы саябақты көгалдандыруға биыл 10 млн-ға...
ЖаңалықтарҚоғам

ҚР ЕҢБЕК КОДЕКСІНЕ ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ТҮСІНДІРІЛДІ

ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы Еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының басшысы Бауыржан Қалжановтың қатысуымен ҚР Еңбек Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы онлайн-брифинг өтті. Брифингте белгілі болғандай, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 04.05.2020 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойған. Бұл Заң...
Заң және қоғамКөкейтестіҚоғамҚоғаммен тікелей эфирМәселе

«ЗАҢГЕРДІҢ» ЗАҢДЫ БІЛМЕУІ, — ӘДІЛЕТТЕ ҚАЛАЙ ҚЫЗМЕТТЕ ЖҮРГЕНІН ТЕКСЕРУДІ ТАЛАП ЕТЕТІНДЕЙ…..

ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Қошанов Ерлан Жақанұлының НАЗАРЫНА! ҚР Әділет министрі М.Бекетаевқа. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің басшысы әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ә.Көмекбаевқа. Шымкент қаласының Әділет Департаментінің басшысы О.Тастановқа.   Шымкент қаласының Еңбекші аудандық сотының судьясы А.Білтебайдың төрағалық етуімен Шымкент қаласының Әділет Департамент басшысының м.у.а.қызметін атқарған...
ЖаңалықтарҚоғамМәселе

АУЫЛ ӘКІМІНІҢ ҮЗДІГІ АНЫҚТАЛМАҚ..

  Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы барлық азаматтардың өтініштеріне жедел және тиімді әрекет етуге бағытталуы тиіс екенін атап өтті. Ауыл әкімі халықпен тікелей өзара іс-қимылда болады және байланысты  орната алу қабілеті, тұрғындардың өзекті мәселелері бойынша дер кезінде шешім қабылдай білуі оның...
ЖаңалықтарҚоғам

ЗООБАҚТЫҢ 63 ПАВИЛЬОНЫ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР

Шымкентте зоологиялық бақта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев Инстаграм парақшасында айтып өтті. – Шымкент зообағы келушілер үшін әзірге жабық. Бірақ бұл – зоологиялық бақ жұмыс істемейді деген сөз емес. Онда жөндеу жұмыстары толығымен жүргізілуде. Зообақ басшылығы, мердігер мекеме және жобалаушы өкілдерімен өткен көшпелі...
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ЕГІСТІК КӨЛЕМІ 1000 ГЕКТАРҒА АРТТЫ

Бұл туралы аппараттық мәжіліс барысында ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбеков мәлімдеді. Басқарма басшысының айтуынша, биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 27,6 мың гектарға жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1000 га көп. Сонымен қатар көктемгі дала жұмыстарына 1,25 мың тонна жанар - жағармай бөлініп, 174 – теңгеден 160 -...
ЖаңалықтарКөкейтестіҚоғам

Жетісайлық бағбандар қарқынды баудың пайдасын көре бастады

Түркістан облысы Жетісай ауданының бағбандары өрік бауының алғашқы өнімдерін ала бастады. Атамекен ауыл округі Мақташы ауылында орналасқан «Арсенал-Сад» ЖШС-гі биыл 30 гектар өрік алқабының әр гектарынан 20 тоннаға жуық өнім аламыз деп отыр. Аталған қожалықта бүгінде жалпы көлемі 650 гектар қарқынды бау жайқалып тұр. Оның 90 гектарын алма, 110 гектарын...
ЖаңалықтарҚоғамМәселе

ҚАЛА КІРЕБЕРІСТЕРІНДЕГІ БЛОК-БЕКЕТТЕР ЖҰМЫСЫН ЖАЛҒАСТЫРАДЫ

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов онлайн-брифингте мәлім етті. – Блок-бекеттер мәселесі бойынша тұрғындардан көптеген сауалдар келіп жатыр. Дегенмен, елімізде 11 мамырда төтенше жағдай алынғаннан кейін тұрғындар арасында карантин талаптары тиісті деңгейде сақталмауы салдарынан Covid-19 вирусын жұқтырғандар саны күрт өсті. 11-18 мамыр аралығында күніне ең жоғарғы көрсеткіш 77...
1 344 345 346 347 348 362
Page 346 of 362