Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ

Шымкент қалалық онкологиялық орталықта «Колоректальды қатерлі ісіктің» алдын алу күніне орай ашық есік күні өткізілді. Ашық есік күні науқастарды қабылдаған дәрігерлер денсаулығын тексеріп, толыққанды мәлімет берді. Онкологиялық ауруларға қарсы кешенді жоспарға сәйкес өткен шара көптің күпті көңілін жайландырып, жол көрсетті, деп жазады «Оңтүстік» телеарнасына сілтеме жасаған «ordainfo.kz» ақпараттық аенттігі.

Жалпы  тексерілуден  34  пациент өтті. Қатерлі ісікке күмәнді  жағдай анықталған жоқ.  Қатерсіз ісікке шалдыққан — 9, басқа да аурулар мазалаған -25 науқас тексерілуден өтті. Сондай-ақ, ЭФГДС дертің белгісі – 16 азаматтан табылды. Келуші  пациенттер өздерін мазалаған сұрақтарына толыққанды мәлімет  алды.

Нұрбол Шәуенов Шымкент қалалық онкологиялық орталығының  Онкопроктологы: Ашық есік күнінің мақсаты — колоректальды қатерлі ісікті ерте сатысында анықтау және профилактикасын жасау. Бұл ісік әлем бойынша, елімізде де белең алып бара жатқан дерттің бірі болып саналады. Әлемде жылына 1 млн. 800-ге жуық адамнан колоректальды қатерлі ісік кездесіп жатады. Біздің Шымкенттегі статистиканы алатын болсақ, 100 мың халыққа шаққанда былтырғы жылдың көрсеткішімен 108 адамда табылған.

 

Please follow and like us: