Яндекс.Метрика
Қоғам

Адал қызмет етуге міндетті

Мемлекеттік қызметте жүрген тұлғаға артылар жауапкершілік жүгі қай-кезде де ауыр екені мәлім. Мемлекеттік органдарды  қызмет атқарып отырған әрбір мемлкеттік қызметші білім мен тәжірибиесін, күш-жігерін өзі жұмыс жасайтын орында  өз  кәсібіне жұмсайтыны анық. Мемлекеттік қызметкер өз Отаны – Қазақстан Республикасына, өз халқына  қалтқысыз адал қызмет етуі тиіс.

Осыған орай, бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес барлық мемлекеттік органдар алдындағы басты міндеттің бірі болып отыр. Қылмыстың бұл түрінің қоғамымыздың барлық саласына тамыр жайып кеткені жасырын емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет шараларының ғылыми танымдары мен өзекті мәселелері Қазақстандағы қлғамдық қатынастарды реформалаудың барлық кешенді мәселелерімен тығыз байланыста. Сондықтан да қоғам  бойынлдағы бұл кесапат кеселмен күреске мемлекетіміз айрықша мән беріп отыр.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет  болып табылатын  ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын  әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.

Осыған орай  мемлекеттік басқару жүйесін қорғау, оған қылмыстық қол сұғуды болдырмау ең маңызды мәселе болып табылады. Өйткені мемлекеттік аппарат  қоғамды басқару жүйесінің қажеттілігі,  басқару жүйесіндегі әр түрлі процестердің реттеушісі болып табылады.

Жалпы сыбайлас жемқорлықпен күресу  жеке адамдардың немесе жекелеген таптың ғана емес, мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы.  Осыны шынайы орындау үшін  әрбір лауазым иесі өзінің жан дүниесін  ұдайы таза, адал ұстауы тиіс. Сонда ғана олар қарапайым халықтың сенімін  ақтап,  қоғамның тежеусіз дамуына үлес қосқан болар еді.

 

К.ЖҮНІСБЕКОВА, И.ТОКЛАЕВ,

Шымкент қаласы, Абай ауданы бойынша МКБ-ның

бас мамандары.

 

Please follow and like us: