Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарМәдениет

АҚЫНДАР ЕРЛІК ПЕН ЕЛДІКТІ ЖЫРҒА ҚОСТЫ

7 мамыр — Отан қорғаушылар мерекесіне орай Қаратау ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Отан қорғау-парызымыз» атты жас ақындардың айтысы өтті. Өлең сөздің жарысына жалынды жырларымен келген 10 жас ақын елдік пен ерлік, бірлік пен ұлттық құндылықтарды тақырыпқа арқау етті.

Патриоттық пен отансүйгіштікке шақырған шайырлар айтысты тамашалауға келген көпшіліктің рухын асқақтатып, мерекелік көңіл күй сыйлады. Жыр шашуы жас ақындардың патриоттық тақырыптағы мүшайрасымен жалғасты.
Барлық қатысушалар мен жеңімпаздар алғыс хаттармен, сыйлықтармен және арнайы жүлделермен марапатталды.

Please follow and like us: