Түркістан қаласының полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Арызданушы ер адамның айтуынша, белгісіз біреу үйіне заңсыз кіріп, «Samsung А22» маркалы ұялы телефонын, «Acer» ноутбугы мен «Qmax» компьютерлік процессорын жасырын түрде жымқырып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 500 000 теңгеден астам.
Полицейлер аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.
Ақпарат алысымен түркістандық қырағы полицейлерден құрылған жедел-тергеу тобы оқиға орнына шықты. Куәлардан жауап алды. Нәтижесінде жедел ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке-басы анықталды. Ол жергілікті тұрғын жәбірленушінің танысы болып шықты.
Белгілі болғандай, таңғы уақытта үй иелерінің ұйықтап жатқан сәтін пайдаланған ер азамат есікті бұзып кірген. Содан кейін қолына ілінген бағалы заттарды алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Тәртіп сақшылар қолды болған айғақты заттарды тәркілеп, заңды иесіне қайтарды.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
62
Please follow and like us: