Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Сайрам, Өтеміс, Шапырашты және Қызылсу тұрғын алаптарының халқымен кездесті. Шаһар басшысы кездесуде өткен жылы атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы мақсат-міндеттер жайлы айтты.
—Жылдың басында Шымкент қаласындағы барлық елді мекендерді аралап, өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін беріп келеміз. Сонымен қатар халықтың жағдайымен, елді мекендердегі өзекті мәселелермен танысып жатырмыз. Наурыз айында қалалық бюджет нақтыланған кезде бірінші кезектегі мәселелерге қосымша қаржы қаралады, — деді Мұрат Әйтенов.
Жиында Қаратау ауданының әкімі Рахманберді Мүлкеманов Сайрам, Өтеміс, Шапырашты және Қызылсу тұрғын алаптарында атқарылған жұмыстарды айтып өтті.
Мәселен, 40 мыңнан астам халқы бар Сайрам тұрғын алабында ауыз су кестемен беріледі. Осы мәселені шешу үшін өткен жылы жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сатып алу конкурсы өтіп, мердігер анықталған. Биыл құрылыс жұмыстары басталады.
Сонымен қатар Шапырашты елді мекенінде өткен жылы 7 көшеге асфальт төселіп, жаңадан 1 спорт кешені салынған.
Жиында Шымкент қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, ауыл шаруашылығы және ветеренария, кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармаларының басшылары халықты әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту және азаматтардың өз кәсібін бастауына қолдау көрсету бағытындағы мүмкіндіктер туралы әңгімеледі.
Басқосуда тұрғындар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, қала әкімі оған жан-жақты жауап берді.
Please follow and like us:
Оқи отырыңыз...
Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы
Саяси реформалар бағдарламасы институционалдық өзгерістерді қалыптастырды. Ұйым парламенттік өкілеттіліктің жаңа тиімді құралына ие болды. Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысымен...
МӘДЕНИЕТ МАМАНДАРЫ ТАЗАЛЫҚҚА АТСАЛЫСТЫ
«Жасыл аймақ» акциясы Еңбекші ауданында ұйымдастырылды. Бүгінгі жиын ТЭЦ 3 аумағанда санитарлық тазалау және көгалдандыру жұмыстарымен жалғасты. - Бірнеше апта...
ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНА ЖАУАПТЫ МЕРДІГЕРЛЕРГЕ ҚАТАҢ ТАЛАПТАР ҚОЙЫЛДЫ
Түркістанда облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен өткен жиында құрылыс нысандарының сапасы жөніндегі мәселелер мен мемлекеттік сатып алу саласындағы бәсекелестікті...
ҚАРЖЫ МИНИСТРІ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ШЫМКЕНТКЕ КЕЛДІ
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Тақиев Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді. Министрді қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов қарсы алып, ең...