Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

№2 АУРУХАНА БАЗАСЫНДА 300 ОРЫНДЫҚ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАР ДАЙЫНДАЛДЫ

81қаралым
Қанат Туманов, №2 қалалық аурухананың бас дәрігері:
№2 қалалық ауруханасы қала халқына гинекологиялық, нефрологиялық, гастроэнтерологиялық, неврологиялық, аллергологиялық, пульмонологиялық, кардиологиялық, ревматологиялық, хирургиялық салалар бойынша мамандандырылған және жоспарлы медициналық көмек көрсететін көпбейінді стационар болып табылады.
Аурухана құрамында 50 мыңға жуық халық тіркелген емхана бөлімі жұмыс істейді. Одан бөлек, перзентхана бөлімшесі перинаталдық көмектің III деңгейін көрсетуге өтуде.
Елімізде болып жатқан COVID-19 індеті бойынша Шымкент қаласында эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлаған жағдайда №2 қалалық аурухана құрамынан 300 төсек-орынды, (оның 30 төсек-орны реанимациялық) инфекциялық стационар ашу жоспарланған. Осыған байланысты ғимарат лас және таза аймақтарға бөлінген, кадрлар құрамымен, отандық өндіруші жасаған өкпені жасанды желдету аппараттарымен, «Боброва» аппараттарымен, оттегі нүктелерімен, дәрі-дәрмектер қорымен, жұмсақ және қатты мүкәммалдармен, функционалды кереуеттермен қамтамасыз етілген.
Бүгінгі таңда қаламызда COVID-19 диагнозымен ауырып, инфекциялық стационарда ауыр халде жатқан науқастар саны күн сайын артуда.
Осының алдын алу мақсатында, бүгінгі таңда жасалып жатқан COVID-19-ға қарсы вакцина бойынша айтатын болсам, №2 қалалық ауруханасының емхана бөлімінде халыққа вакцина жүргізу үшін медициналық мамандардан құралған 2 топ жұмылдырылған, таңғы сағат 08:00-ден түнгі 12:00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істеуде.
Егер сізде екпеден кейін қандай да бір реакция болса, онда бұл екпенің шынымен жұмыс істейтінін білдіреді, сіздің иммун жүйеңіз жауап беріп жатыр. Сіз өзіңізді бір-екі күн жайсыз сезінуіңіз мүмкін, бірақ бұл қалыпты жағдай және коронавирус ауруын алдын алады.
Вакциналар тез арада жасалғанымен, олар ондаған жылдар бойы жүргізілген ғылыми зерттеулерге негізделген.
Сол себепті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары вакцинадан қорқудың қажеті жоқ, барлығыңызды 100 пайыз COVID-19-ға қарсы вакцинаны салуға шақырамын. Сонымен қатар, адамдар көп жиналатын орындарға бармауды, ара қашықтық сақтауды, бетпердемен жүруді, антисептик қолдануларыңызды сұраймын.
Құрметті қала тұрғындары COVID-19 індетінен арылу үшін, вакцина салдырып, індетті бірге жеңейік.
Please follow and like us: