84
Еңбекші ауданының тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында Бадам, Жыланбұзған, Базарқақпа, Қарабастау, Бадам-1 тұрғын алаптарында электр жүйелерінің құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді.
«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында биыл Жұлдыз, Жалын, Қарабастау тұрғын алаптарын электр жүйесімен қамту жұмыстары аяқталып, ел иглігіне берілмек.
Одан өзге, инвестициялық бағдарлама бойынша Қарабастау, Жалын, Бадам-2, Базарқақпа және Бадам-1 тұрғын алаптарындағы 1595 абонентке электр желілерін қосу жұмысы қазан айында басталған. Жоба жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде.
Есепті жылдың қорытындысымен электр жүйесімен қамту көрсеткіші мемлекеттік жүйе 88%-дан 90,6% көтерілді. Ал, жекеменшік жүйедегі 5,1%-ды, қамтылмаған 4,3%-ды құрап отыр.
Осы жылға Бадам-1, Оңтүстік-жаңа құрылыс, Абдулабад, Тұрдыабад, Бадам, Қаратөбе, Маятас, Айнатас тұрғын алаптарының және Еламан, Саяжол көшелеріндегі электр желісімен қамтылмаған абонентерді қамту үшін ЖСҚ әзірлеуге бюджеттен қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.
Please follow and like us: