Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ЖОЛ САЛАСЫ БОЙЫНША 4000 АСТАМ ӘКІМШІЛІК ХАТТАМА ТОЛТЫРЫЛҒАН

71қаралым

2020 жылы қыркүйек айының 21-27 күндері аралығында Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен жол саласы бойынша 4000 астам әкімшілік хаттама толтырылды.
Олардың басым бөлігінде 325 жүргізуші автокөліктің терезелерін күңгіртеп автокөлікті басқарған, 227 жүргізуші көлік құралын басқарған кезде ұялы телефон қолданғаны үшін, 494 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аталған мерзімде айыптұраққа 33 автокөлік жеткізілген.
Құрметті жол қозғалысының қатысушылары Сіздерден жолда белгіленген тәртіп ережелерін сақтауларыңызды, сыпайылық және бір-біріне құрметпен қарауды сұраймыз.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

 

Please follow and like us: