159
Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі ювенальдық полиция бөлімінің инспекторы, полиция лейтенанты Клара Басымбекова мектеп оқушылары арасында жол қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Яғни бастауыш сынып оқушыларына көшені кесіп өту үшін арнайы белгіленген жерлермен жүру және бағдаршамның түстері мен қызметі туралы кеңінен түсіндіріп өтті. Іс-шараның басты мақсаты — балалардың қатысуымен болатын жол — көлік оқиғаларының алдын алу, жасөспірімдердің жолда жүру қауіпсіздігіне байланысты жолда жүру ережелерін түсіндіру.
«Балаларға жолда өзін — өзі қалай ұстау қажеттігі жайлы кішкентай кезінен бастап үйрету керек. Біздің міндетіміз – жол ережесін сақтайтын тәртіпті жол қозғалысына қатысушыларды тәрбиелеу» -деді полиция лейтенанты.
Тәртіп сақшысы жаяу жүргіншілер жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны туралы еске салды. Сондай-ақ ата — аналарға балаларына үнемі жолда жүру ережелерін барынша естеріне салып, қадағалап отыру керектігін айтты.
Please follow and like us: