Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарҚоғам

ЖАЗ АЙЛАРЫНДА ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН ҚАТАҢ САҚТАУ ҚАЖЕТ

63қаралым

Қалада өрт қауіпсіздігін тексеру кезінде 124 ереже бұзғандар анықталып, 780 мың қаржы өндірілгені белгілі болды.

Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаменті басшысының уақытша міндетін атқарушысы, полковник Е.Бахаев пен Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары басшысының уақытша міндетін атқарушысы Қ.Арслановтың қатысуымен өткен баспасөз брифингінде айтылды.

– Өрт сөндіру барысында өрт сөндірушілердің кешігіп келуі жайында көп сұрақтар туындап жатады. Осы бойынша түсініктеме берсем деймін. Жалпы, қалада өрт бойынша көмек сұрап хабарласқан қоңыраулардың барлығы 101 нөмеріне түседі. Төрт ауданда 9 өрт сөндіру бөлімі бар. Барлығы заманауи техникалармен қамтылған және қызметкерлер жеткілікті. Кез келген хабарлама түскенде мекен жайын анықтауға бір минут уақыт кетеді. Ал оқиға орнына бару кезінде қала көлемінде 45-50 км жылдамдықта жүреміз. Өйткені салмағы 20 тоннадан жоғары техниканың одан жылдам жүруі қауіпті. Есептеп айтсам, еш кедергілер болмаса 5 шақырым қашықтыққа 7 минутта жетеміз. Бұл ретте бізге қай жолмен жүру керек екенін арнайы диспетчерлік мамандар бағыттап отырады. Ал су мәселесіне келсем, оқиға орнына жете салып, бірден су шаша алмаймыз. Себебі техникалық қауіпсіздікті сақтауымыз керек. Кез келген нысанда электр тоғы болады. Егер ол 220 киловатқа дейінгі тоқ көздері болса, өзіміздің мамандар ажырата береді. Ал одан да жоғары болса, арнайы мамандарды күтуге тура келеді, – деді Қуаныш Жораұлы.

Брифинг соңында Ерғали Жарасбекұлы қала тұрғындарынан жаз маусымында өрт қауіпсіздігі мен шомылу ережелерін қатаң сақтануды сұрады.

 

 

Please follow and like us: