111
Тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында Шымкент қаласында көшелерді жарықтандыру жұмысы тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының деректері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында бірінші кезекте орталық көшелер жарықтандырылған. Ал, шағын аудандар мен тұрғын алаптарда мектеп, балабақша, емхана, аурухана немесе өзге де әлеуметтік нысандар орналасқан және тұрғындар көп жүретін көшелерге басымдық берілуде.
Мәселен, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағындағы 387 көшенің қазіргі таңға дейін 115-і жарықтандырылған. Соның ішінде 2022 жыл 15 көшеде жарықтандыру басталып, 6 көшеде жұмыс толығымен аяқталған. Қалған 9 көшедегі жұмыстар 2023 жылы бітеді. Ал, 2023 жылы 34 көшені жарықтандыру мақсатында аудан әкімдігі тиісті басқармаға ұсыныс енгізген.
Мұнан бөлек, Шымкент қаласы Еңбекші ауданында 2022 жылы 22 көше жарықтандырылған болса, биыл тағы 28 көшені жарықтандыру жоспарда бар екен. Жалпы, бүгінде бұл ауданның аумағындағы 697 көшенің 143 көшесі жарықтандырылған. Ал, жаңадан құрылған Тұран ауданында 2023 жылы 12 көше жарықтандырылады деп жоспарланып отыр.
Please follow and like us: