Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ЖАПОНИЯДА ӨТЕТІН ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН 21 СПОРТШЫ ДАЙЫНДАЛУДА

67қаралым

Түркістан қаласында республикалық және халықаралық спорттық жарыстарды, сондай-ақ бұқаралық спорттық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік беретін бірқатар спорт нысандары салынуда. Мұндай жұмыстар облыстың 2024 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кешенді жоспарына сәйкес жүргізілуде. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Бердашев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
Оның сөзінше, жаңадан салынып жатқан спорттық нысанның қатарында 7 мың орындық «Орталық стадион» стадион бар. Құрылыс жұмыстарын «Самұрұқ-Қазына» ҰӘА қоры жүргізіп отырған нысан жоспар бойынша қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, биыл «Жабық бассейні бар спорт сарайы» да есігін айқара ашатын болады.

Одан бөлек, қала аумағында жалпы құны 515 млн. 121 мың теңге болатын 13 спорт нысан бой көтеріп келеді. Оның ішінде кіші футбол алаңдары мен теннис корттары бар. Жалпы бүгінге дейін «Отырар» мөлтекауданындағы көпқабатты үйлер ортасында 9 ашық ойын алаңы ел игілігіне берілген.

Мұндай спорттық нысандар облыс орталығынан бөлек, аудан қалаларда да салынуда. Мәселен, бүгінге дейін аймақта 68 мемлекеттік меншіктегі спорт мекеме тіркелген. Жалпы алғанда спорт нысандарының саны 4433 жеткен. Бұл спорттық нысандар өңірімізден ел намысын қорғайтын спортшылардың шығуына және бұқаралық спортты дамытуға оң септігін тигізіп жатқанын айтады басқарма басшысының міндетін атқарушы.
«Облыста бұқаралық спортты дамыту мақсатында 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 1062 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 139121 адам қатысты, оның ішінде ауылды жерлерде 714 спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 97987 адам қамтылған. Сондай-ақ, аймақта дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 629130 адамды құрап, облыстағы барлық жастағы халықтың спортпен қамтылуы 31,1% құрап отыр», – деді А.Бердашев.
Жалпы облыста спорттың 56 түрі дамытылуда. Оның 28-і олимпиадалық болса, 28-і олимпиадалық емес спорт түрлеріне жатады.

Айта кетейік, аймақтың спортшылары ел чемпионаттарына қатысып, 63–алтын, 57–күміс, 66– қола медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, 2020 жылдың 6 айында 1 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 21 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 47 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды. Одан бөлек, 2021 жылы Жапония елінің астанасы Токио қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға облыстан 21 үміткер спортшы анықталып, қазіргі уақытта олармен тиісті дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

 

Please follow and like us: