71
Шымкент қаласының құрылыс басқармасының тапсырысымен 2020 жылы бірқатар ауылшаруашылық нысандарның құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі таңда мемлекеттік қабылдау актісімен пайдалануға тапсырылды.
Солардың бірі — қаланың солтүстік-батыс бөлігі 295 орамдағы және Ақтас шағынауданындағы биотермиялық шұңқырдың құрылысы пайдалануға берілді. Биотермиялық шұңқыр – биологиялық қалдықтарды, яғни малдардың өлекселерін залалсыздандыруға арналған нысан.
Бүгінгі таңда аталған нысандарды Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасына тапсыру мақсатында қала әкімінің қаулысы әзірленуде.
Please follow and like us: