Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарҚоғам

ЖАҢА АППАРАТПЕН ТОЛЫҚТЫ

70қаралым

Емдеу мекемесіне “Sauap” белсенділер тобының атынан оттегі концентраты және пульсоксиметр құрылғысы берілді. Науқастарды емдеуде мүмкіндігі зор бұл құрылғы жұмысты жеңілдетеді дейді мамандар. Ал қала әкімі Мұрат Әйтенов өз кезегінде жомарттық танытқан белсенділер тобына алғыс айтты.

Ауруханаға жеткізілген жабдықтар пандемия аяқталғаннан кейін де кәдеге жарайды. Мамандар бұл аппараттарды жай-күйі ауыр пациенттерді емдеудің барлық кезеңінде де қолдануға қажет болатынын алға тартуда.

Айта кетейік, Асар шағынауданындағы жұқпалы аурулар орталығында коронавирус және пневмония дертінің ауыр түріне шалдыққан науқакстар ем алады. Індетпен күрестің алдыңғы шебінде жүрген орталық дәрігерлері күні-түні аянбай еңбек етуде.

Бұл ретте, медицина мамандары қала тұрғындарына қатерлі індеттің әлі де қауіп төндіріп тұрғанын ескертеді. Сақтық шараларына салғырт қарамай, адамдар көп шоғырланатын орындардан аулақ болуын, қоғамдық көліктерде, дүкендер мен қоғамдық тағамдану орындарында бетперде киіп жүруге шақырады.

Өз жақындарыңыз бен туыстарыңыздың өміріне қауіп төндірмей, барлық талаптарды сақтануға шақырамыз.

 

 

Please follow and like us: