Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ САУДА ОРЫНДАРЫМЕН КҮРЕС ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСУДА

72қаралым
Шымкент қаласындағы заңсыз сауда орындарын болдырмау мақсатында ауқымды іс-шаралар атқарылып келеді. Солардың бірі Абай ауданында өткен рейдтік іс-шара. Мұндай шаралар аудан аумағында тұраұты өткізіліп тұрады. Аталған шара барысында кәсіпкерлерге заңсыз сауда орындарын заңдастыру қажет екендігі түсіндірілді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ordainfo.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Бүгінгі таңда аудан аумағында заңсыз металл қабылдайтын 35 орын анықталып, оның ішінде 18 нысанға айыппұл салынған.
Осыған орай, қала әкімінің тапсырмасына сәйкес заңсыз сауда орындарын, оның ішінде металл қабылдау орталықтарын заңдастыру бойынша аудан әкімдігі мекеме аралық мәжіліс өткізді.
Оған Абай ауданының прокуратурасы, жергілікті полиция қызметі, қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының, қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының, мемлекеттік кірістер басқармасының және ЭТД көлеңкелі экономикалық басқармасының өкілдері қатысты. Заңсыз сауда орындарын заңдастыру жолдары талқыланып, тиісті мекемелер тарапынан ұсыныстар айтылды.
Please follow and like us: