Яндекс.Метрика
Заң және қоғам

ЗАҢСЫЗ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРҒА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

200қаралым

Қаланың аудан аумақтарында заңсыз орналасқан кәсіпкерлік нысандарды ретке келтіру, сондай-ақ кәсіп иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылған болатын. Осыған байланысты Абай ауданы А-2 тас жолының бойындағы заңсыз сауда нысандарына кезекті мониторинг жұмысы ұйымдастырылды.

🔷 Зерделеу жұмыстары барысында Абай ауданына қарасты аталған көше бойында нысаналы мақсатын дұрыс пайдаланбай, ретсіздікке жол берген 67 кәсіпкерлік орны анықталды.
Бұл көше стратегиялық маңызы бар аумақ. Іс-шараны ұйымдастырудағы мақсат — қаланың көркін бұзған заңсыз сауда нысандарының иелеріне ақпараттық, түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Please follow and like us: