Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарҚоғамМәселе

ВИРУСТЫ КІМДЕР ЖҰҚТЫРДЫ?

58қаралым

Әлеуметтік желіде вирус жұқтырғандар саны сәт санап өсуде.  Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов та бұл індеттен құтыла алмады.

Құрметті Түркістан қаласы тұрғындары!

Осыдан бірнеше күн бұрын денсаулығым сыр беріп, дәрігерлер көмегіне жүгінген едім. Алдыңғы күні тапсырған ПТР анализі оң нәтиже көрсетіп, Covid-19 індетіне шалдыққанымды растап отыр.
Жұмыс барысымен, күнделікті, адам саны көп жерлерде болуға мәжбүрміз. Қанша сақтық шараларын орындасақ та, бұл індет шет айналып өтпеді. Нақты кімнен, қашан жұққанын анықтау жұмыстары да жүргізілуде.
Осыған орай, үйде оқшаулануға мәжбүрмін. Жұмысты алшақтан қадағалап, пайдалы болуға тырысамын. Дегенмен, қала әкімдігі жұмысы уақытша орынбасарым Мұсаев Тәжібек Қалманұлына жүктелді.
Әкімдік ғимаратында залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, қызметкерлер де анализ тапсыратын болады.
Бұл күндер де көп ұзамай өтіп кетеріне сенемін. Амандықта жүздесу бұйырсын! Дендеріміз сау, жақындарымыз аман болсын!-дейді фейсбук парақшасында. 

Сондай  ақ, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мырза да вирус жұқтырып карантинде деп хабарлайды. Қазір Амандық Баталов өз-өзін оқшаулап, емделіп жатыр, жұмысын қашықтан жалғастыра беретін болады”, – деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы.


Please follow and like us: