60
Ақмарал Омар, №3 қалалық емханасының бас дәрігері: «ҰЖЫМДЫҚ ИММУНИТЕТПЕН КОВИДТІ ЖЕҢЕМІЗ»
Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!
Пандемия басталғалы бері бүкіл әлем әуре-сарсаң күйге түсті. Әлеуметтік жағдай былай тұрсын, қауіпті инфнецияның таралуы көптеген елдерді кәсіпсіз қалдырып, бизнестің жұмысына шектеу қойылды, кәсіпкерлерге табыс кірмей қалды.
Індетті жою үшін медицина мамандары тәуліктеп жұмыс істеуде. Бірақ байқағанымыздай, дәрігерлердің тынымсыз еңбегі вирусты жеңуде дәрменсіз екен. Яғни, індетті жеңуде жұмыла әрекет етіп, жаппай вакцина алсақ коронавирусті жеңе аламыз. Ал созылмалы респираторлық және жүрек-қан тамырлары аурулары, қан диабеті бар адамдар үшін вакцинация өте маңызды.
Екпе салуға қарсы көрсеткіштерді айтатын болсақ: азаматтың 18 жасқа толмауы, жүктілік, бала емізу кезеңі, вакцинация кезінде инфекциялық аурулардың болуы, созылмалы аурулардың өршуі, сонымен қатар вакцина компоненттеріне жеке төзімсіздікті айтамыз.
Елде ұжымдық иммунитет қалыптаспай, яғни халықтың 60 пайыздан астамы вирусқа қарсы егілмей, масканы шешуге болмайды. Тек содан кейін ғана қалыпты өмірге ақырындап қайта оралуымыз мүмкін. Жаппай егу еліміздегі әлеуметтік жағдайдың әлеуетін көтеруге зор септігін тигізеді. Сондықтан баршамыз ұжымдық иммуниттеттің қалыптасуына үлес қосып, қауіпті инфекцияны жеңуде бірігіп атсалысайық.
Сондай-ақ Шымкенттегі №3 Қалалық емханасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуынының алдын алу мақсатында Спутник V (Гам-КОВИД-Вак) арналған біріктірілген векторлық вакцинасын 5500 халыққа егілді.
Қазіргі таңда бұл індетке шалдыққан адамдардың саны күннен-күнге өсіп жатыр. Егер сіз өзіңізден вирустық инфекцияның белгілерін байқасаңыз, (дене қызуы, әлсіздік, ентігу, иіс не дәм сезбеу және т.б) дереу дәрігерге хабарласыңыз, өз-өзіңізді емдеумен айналыспаңыз! Дәрігердің көмегіне жүгініп, емдеуді жедел бастап кетсеңіз, тез жазылып шығасыз.
Вакцинация — әрқайсымыздың ерікті таңдауымыз. Бірақ менің ойымша, вакцинация — азаматтық парызымыз. Бұл сізді ғана емес, жақындарыңызды да қорғайтын қадам.
Сіздің денсаулығыңыз — өз қолыңызда!
Please follow and like us: